Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 3 ҚАУЛЫСЫ
Шардара қаласы 2026 жылғы 25 ақпан
Шардара ауданының Алатау батыр
ауылдық округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алатау батыр ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Шардара ауданы Алатау батыр ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 5 сәуірге тағайындалсын.
- 2026 жылғы 5 сәуірге тағайындалған Шардара ауданы Алатау батыр ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын.
Төраға С.Кошалиев
Хатшы К.Ибрагимов