Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков, Көксу ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 № 18 ШЕШІМ

 Шардара қаласы                                             2024 жылғы 24 сәуір

 

 Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков,

Көксу ауылдық округтерінің әкімдерін

сайлау бойынша сайлау округтерін

құру туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы және 22-бабына сәйкес Түркістан облысы Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің шекарасы аумағында Қ.Тұрысбеков сайлау округі құрылсын.
  2. Шардара ауданы Көксу ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Көксу ауылдық округінің шекарасы аумағында Көксу сайлау округі құрылсын.
  3. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                      С. Көшалиев

 Хатшы                                                     Қ. Ибрагимов

 

 

 

 

 

 

 

Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков, Көксу ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
24 апреля 2024