Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Шардара ауданы мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 31 қаңтардан басталады.

Округ орталығы: «№1 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шардара қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі №36. Тел. 8 (72535) 2-34-91, 8 701 379 46 82.

Округ шекаралары: Шардара қаласы №850, №905 сайлау учаскелерінің шекараларында.

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
31 января 2024