КАЗ ИС_УИП_на 16 сентября

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 12,9 триллион теңгеден асты

 

БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі негізгі көрсеткіштері

 

2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.09.2020 жылдан бастап 01.09.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 704 миллиард теңгеге немесе 6% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,6 трлн теңге(соңғы 12 айдағы өсім – 5%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 342,6 млрд теңге (өсім – 17%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 млрд теңгеге  жетті.

2021 жылдың толық сегіз айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда көбірек қаражат салды. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 1,1 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 397,4 млрд теңгеге немесе 58% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,6% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, ол 812,9 млрд теңге(соңғы 12 айдағы өсім - 24%), МКЗЖ бойынша 36,5 млрд теңге (өсім 16%), 432 млн теңге (өсім 38%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

Салымшылардың  жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар айынан 1 қыркүйекке дейін 938,9 млрд теңге болған таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 8% немесе 67 млрд теңгеге артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 1 қыркүйекке 7,65%, ал инфляция 5,8% құрады.Бұл ретте соңғы 12 айдағы кірістілік – 10,68% , осы кезеңдегі инфляция – 8,7% көрсетті.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11,6 млн бірлікке тең. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 905 014 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 531 323 бірлік. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 51 645 бірлік болды.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,0 трлн теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады, оның көлемі– 1,8 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер– 62,0 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 44,0 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 38,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 25,1 млрд теңге, жерлеуге – 3,4 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 1,4 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 568  теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.

 

Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 246 миллиард теңгеден астам қаржыны қайтарды

 

2021 жылдың 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 438 834 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,8 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,2 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,9%), Маңғыстау облысының (14,0%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөліміндесалымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдері).

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ  болып табылады. Орындалған өтініштердің едәуір (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,1%) бөлігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,8%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (1,0%), «Altyn Bank» АҚ (0,04%) және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ (0,02%) арқылы берілді.

Естеріңізге саламыз, біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті операторда («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) ашылған арнайы шотқа түскеннен кейін алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес), ал басқа уәкілетті операторлар бойынша – 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады. Уәкілетті операторға растаушы құжаттар белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Алушы, сонымен қатар көрсетілген мерзімді күтпей-ақ, аударылған соманы уәкілетті операторға тиісті өтініш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны уәкілетті оператор қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 240,7  млрд теңгеден аса сома қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

            Сондай-ақ, БЖЗҚ емделуге берілген 40,1 млрд теңгеден астам сомаға 43 453 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,9 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 6,1 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

            Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөніндегі өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінен танысуға болады.

 

 

БЖЗҚ салымшырыла 938 миллиард теңге таза инвестициялық табыс алды

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 12,9 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

2021 жылғы 1 қаңтардан 1 шілдеге дейінгі сегіз ай ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 938,9 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өткен маңызды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67 млрд теңгеге немесе 8% артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 1 қыркүйекте 7,65%, ал инфляция 5,8% болды. Соңғы 12 айда инфляция 8,7%, кірістілік 10,68%  көрсетті.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес апта сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.

Жалпы барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап, Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 5,6 трлн теңгеден асты. 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық табыстың үлесі 36,5% .

            Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) инвестициялық табыстылық 2021 жылдың 1 қыркүйегінде өсу қорытындысымен 656,67% , инфляция 531,25%  болды. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген кезден 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін  зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 125,41% көрсетті.

          Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдаған орынды. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т.б.) көрсеткіш болып табылмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты.

          Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ұялы қосымшаның көмегімен бақылай алады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады.

          БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін Ұлттық банктен басқа инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алады. Қазіргі уақытта БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа отырды. Сіз бұл туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен көре аласыз.

           БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін басқаруға алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

           Айта кетейік, «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері қызметі басталғаннан бері (2021 жылғы 15 наурыз) 2021 жылдың 1 қыркүйегіне 5,1% деңгейінде табыстылық көрсетті. «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің осы кезеңдегі табыстылығы – 4,7%; «BCC Invest» АҚ – 3,7%. Ал «Сентрас Секьюритиз» АҚ зейнетақы активтерін 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап басқарады, осы уақыт ішіндегі инвестициялық табыстылық 5,9% болды.

            Салымшы зейнет жасына толғанға дейін Ұлттық Банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу кепілдігі қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді.

 

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары

27 миллионнан астам қызмет алды

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың басынан бері (01.01.2021-01.09.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 27,2 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,8%көп.

Электрондық форматта 19,8 миллионнан астам қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 72,7% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы екі есеге дерлік өсті. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтердіқалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер)4,7 миллион қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 17,2%  тең.Мысалы, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінде бірінші жарна келіп түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады, ал қолданыстағы құжаттың деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

Салымшылар шамамен 1,6 миллионқызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету нүктесінде салымшыларға 1 564 837 қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 746,4 мың қызметке (немесе 91,2% ) артық.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бірлескен жобасыныңарқасында Қор салымшыларына 2021 жылдың 1 қыркүйегіне пошта операторының бөлімшелерінде 11 038 қызмет көрсетілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге дерлік көп. «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін)туралы келісімге қол қою.

Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлімдері де іске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер) және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар) туралы өтініштерді ресімдеу үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда, Қор мамандары барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Барып қызмет көрсету барысында 54 144 операция жүзеге асырылды.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2021 жылдың 1 қыркүйегіне кері байланыс арналары арқылы салымшылардың өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда едәуір артты. Ағымдағы жылы 1,1 миллионнан аса өтініш, ал өткен 2020 жылы барлығы 942 мың өтініш қаралды. Осылайша өсім 18% болды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылыбайланыс орталығында  кеңес ала алады. Сондай-ақ,ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viberчат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.

 

 

Инвестициялықпортфельдібасқарушыкомпанияларғааударымныңорташасомасы – екі миллион теңге

 

2021 жылдың  қаңтарынан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға инвестициялық басқаруға аудару  құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.

Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:

- салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе

- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.

Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш жасауы қажет. Өтінішті enpf.kzсайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келгенде беруге болады.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аударуды салымшыдан өтініш  түскен күннен кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қалады.

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдері ретінде алынған қаражат болып есептелмейді (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және оларды ИПБ-ға ауыстырған кезде оларға жеке табыс салығы салынбайды.

Зейнетақы активтері ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берілгеннен кейін салымшы:

- БЖЗҚ-ға өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру туралы жылына тек бір рет  өтініш беруге;

- БЖЗҚ-ға ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берілгеннен кейін екі жылдан ерте емес) өтініш беруге құқылы.

Салымшы зейнетақы жасына жеткенге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын салымшының зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.

2021 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқарушыларға5,2 млрд теңге аударылды, БЖЗҚ 2 707 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 2,0 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша егжей-тегжейлі статистика enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру» бөлімінде жарияланған.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатыстытөртИПБ-мен шарт жасасты. Олар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын зерделеуді enpf.kzсайтындағы «Қызметтер» -«Инвестициялық портфельді басқарушылар тізбесі» бөлімінде жүзеге асыруға болады. Айта кетейік, 5,2 млрд теңгенің 44,97% немесе 2,3 млрд теңгесі«Jusan Invest» АҚ, 27,58% немесе 1,4 млрд теңгесі«Halyk Global Markets» АҚ, 17,95% немесе 0,9 млрд теңгесі«BCC Invest» АҚ, 9,50% немесе 0,5 млрд теңгесі«Сентрас Секьюритиз» АҚ аударылды.

Өңірлер бөлінісінде ИПБ-ға аударылған қаражаттың жартысынан көбі Қазақстанның екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі, сәйкесінше 45,3% және 26,2%. Маңғыстау облысы5,5% көрсеткішпен ИПБ-ға қаражат аудару бойынша үшінші орында.

 

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқаруды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5%  аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітеді және ол жылына бір рет қана өзгеруі мүмкін.

Салымшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Ұлттық Банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу кепілдігі қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып, есептелінеді.

 

2021 жылдың 24 қыркүйегі   

 

Лайықты зейнетақыны қалай жоспарлауға болады?

 

Болашақта лайықты зейнетақыны қалай алуға болады? Зейнетақы жарналарының жүйелілігі – заманауи әлемдік тренд. Неліктен? Өзіңізді қорғауға және барлық шегерімдері жасалатын «адал жалақыны» қалай алуға болады? Осы және көптеген сұрақтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері «Ашық есік күні» шарасы аясында салымшылармен өткізілетін дәстүрлі кездесу кезінде жауап берді 

БЖЗҚ осымен екінші жыл қатарынан өз іс-шараларын виртуалды кеңістікте өткізіп келеді. Коронавирус індеті (Covid-19) салдарынан өкінішке орай, салымшылармен кездесулерді Қор филиалдарында көзбе-көз форматта өткізу мүмкін емес.

Іс-шараға кез-келген адам үйінен шықпай-ақ, онлайн-платформа арқылы қатысып, «Ашық есік күніне» қосыла алды.

Іс-шараның тақырыбы – «Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді». Іс-шараның мақсатты аудиториясы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ, 25 жасқа дейінгі жастар болды.

Бәрімізге белгілі, қазақстандықтардың дәл осы жаңа буыны зейнет жасына жеткенде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарына арқа сүйейтін болады. Осыған байланысты жастар өз болашағы үшін бүгіннен бастап қамдана бастаулары қажет.

Қазақ елі жинақтаушы зейнетақы жүйесі жолының нақ ортасында тұр, қазіргі уақытта жүйеде қаражатты тек 23 жыл ғана жинақтаған салымшылар болуы мүмкін. Осы ретте толық цикл кемінде 40 жыл болуы тиіс. Алайда тарихи және экономикалық факторларға байланысты бұл физикалық тұрғыдан бұған дейін мүмкін болмады. Сондықтан дәл осы жаңа ұрпақтың толық циклден өтіп, 40 жылдан кейін лайықты зейнетақы алуларына мүмкіндіктері бар. 

«Ашық есік күні» іс-шарасына қатысқан салымшылар болашақ зейнетақыларын болжамды зейнетақы калькуляторының көмегімен есептеп, егер зейнетақы шотын тұрақты түрде толтырып отырса, БЖЗҚ-дан алатын төлемдерді едәуір арттыруға болатындығына көз жеткізіп көрді.

Бүкіл ел бойынша өткен іс-шараға жастар көптеп қатысты және олардың әрқайсысы «Ашық есік күнін» өткізудің электрондық форматына ризашылықтарын білдірді. Көпшілігі болашақта жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық артықшылықтарын сезіну үшін еңбек жолын бастаған сәттен-ақ  келешектері үшін қомақты қаржы жинауға ниетті екендіктерін жеткізді.

 

Дата публикации
06 октября 2021