Шардара аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 8

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Шардара аудандық мәслихаты

депутаттарының кезектен тыс

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың күнтізбелік

жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысын басшылыққа алып, Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Шардара аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2.Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Шардара аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.  

3.Осы қаулы Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Төраға                                     С.Кошалиев

 

  Хатшы                                     К.Ибрагимов

 

 

 

Дата публикации
13 октября 2026