|
|
Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 256 қаулысына 19 - қосымша |
Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
- Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шардара ауданы әкімдігі болып табылады.
Егер бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
- ауыл шаруашылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
1) құқықтары:
- агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу;
- агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады;
- мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
- асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
- мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
- аудандағы «Тракторлар және олардың базасындағы жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру, кепілін мемлекеттік тіркеу, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, ауыртпалықтың жоқ (бар) туралы ақпарат беру және машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады;
- мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді.
2) міндеттері:
- жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
- Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамыз етеді;
- Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
- ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
- агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
- тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) есептілік ұсыну;
- «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы»
Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
11) Бөлімде бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
- Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылуына байланысты барлық мүліктік құқықтарымен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.