Ереже Ақшеңгелді

Шардара ауданы әкімдігінің

2024 жылғы 14 қазандағы

№ 256 қаулысына 10-қосымша

 

 

«Шардара ауданының Ақшеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Шардара ауданының Ақшеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- әкімнің аппараты) Ақшеңгелді ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі- әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме  болып табылады.
  2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  5. Әкімнің аппараты өз атынан заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Әкімнің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
  7. Әкім аппаратының толық атауы- «Шардара ауданының Ақшеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Шардара ауданы, Ақшеңгелді ауылдық округі, Ақалтын ауылы, Орталық көшесі 7 үй, индекс 161415.
  8. Әкімнің аппаратын аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
  9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

10.Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

 

  1. Әкім аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

11.Міндеттер:

Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

12.Функциялар:

Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

  • жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  • бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
  • Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауыл, ауылдық округ әкімдері мақұлданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

 

  • ауылдың, ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
  • жергілкті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауыл,ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
  • ауылдың, ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
  • жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
  • ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
  • мүлкі ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдың округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  • мүлкі ауылдың, ауылдың округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуынбақылауды және талдауды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық үлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

       Ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

  • өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
  • шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекшелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады,жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • мүлкі ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын,сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шарушылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

 

  • аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
  • коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге,филиалдар мен өкілдіктер құруға,сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
  • мүлкі ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі)коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
  • мүлкі ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға жіне сенімгерлік басқару беру туралы шешімдер қабылдайды;
  • жергілікті өзін-өзі басқаркудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
  • жергілікті өзін-өзі басқаркудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

13.Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың,ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

шарттар келісімдер жасасуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы;

14.Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету:

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс аудан әкімінің және әкімдігінің, ауыл, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. Әкім аппаратының қызметін ұйымдастыру

 

15.Әкімінің аппаратын әкім басқарады.

16.Әкімнің өкілеттіктері:

1) тиісті әкімшілік –аумақтық бөлініс аумағындағы тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдамен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

2) азаматтардың өтініштерін ,арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

3)  салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

 

4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

5)  өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

6) ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

7) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

8) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

9) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі ауыл, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

10) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

11) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады,оларға қайырымдылық көмек көрсетудің үйлестіреді;

13) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

14)   мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

15) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

16) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

17) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

18) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетудің үйлестіреді;

19) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

20) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамсыз етуге жәрдемдеседі;

21) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

22) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

23) жергілікті әлкуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

24) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

25) шұғыл медициналық көмек көрсетуқажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

26) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

27) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады ;

28)жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

29) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

30) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

 

31) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

32) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

33) кәсіпқой емес медиаторлардың тізлімін жүргізеді;

34)жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және оларлың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылым жасайды;

35)қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

36) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөніндегі аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

37) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

38) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің ) міндетті көлемдерін айқындайды;

39) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

40) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

41) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

42) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

43) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

44) бюджеттен қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

45) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды  (жұмыстарды ,көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

46) ауылдың, ауылдық округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

47) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың, ауылдық округтің авариялық жағдайды үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

48) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

49) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көзделген, ауылдық округтің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;

50) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін реттейді;

51) Ауыл, ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

17.Ауыл, ауылдық округ әкімі өзінің құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, аудандық мәслихаттың алдында жауап береді.

18.Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.

19.Әкім.

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

 

3) Әкім аппараты туралы Ережені аудан әкіміне бекітуге ұсынады;

4) Әкім аппараты қызметкерлерінің қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

5) Әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;

6) Әкім аппараты қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

7) өз құзыреті шегінде Әкім аппаратының барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді.

 

  1. Әкім аппаратының мүлкі

 

20.Заңнамада жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21.Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік ауылдың, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.

22.Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

 

  1. Әкімнің аппаратына қайта ұйымдастыру және тарату

 

23.Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

Дата публикации
23 сентября 2026