Ереже құрылыс бөлімі

Шардара ауданы әкімдігінің

2024 жылғы 14 қазандағы

№ 256 қаулысына 20-қосымша

 

 

Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық құрылыс бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте Шардара ауданында құрылыс саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларынжүзеге асыруға уәкілетті, Қазакстан Республикасыныңжергілікті бюджеттен қаржыландырылатынатқарушы орган болып табылады.
  2. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және зандарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып

табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттарыболады.

  1. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  2. Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  3. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппенМемлекеттік мекеме басшысының актілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында

көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  1. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  2. Заңды тұлғаның орналасқан жері: ҚP, Tүркістан облысы, 161400, Шардара қаласы, С.Әшіровкөшесі, 6.
  3. Мемлекеттік органның толық атауы:

Мемлекеттік тілде: Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел строительства Шардаринсого района» акимата Шардаринского района

10.Осы Ереже Мемлекеттік органныңқұрылтай құжаты болып табылады.

  1. Мемлекеттік орган қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12.Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның функциялары болып

табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттыққатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Мемлекеттік орган заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандыққұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шардара ауданы әкімдігінін «Шардара аудандыққұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің (куәлік №424-1958-16-ММ, БСН 130940011698) бөлу жолымен қайтақұрылған және соңғысының бөлу балансы бойынша барлық мүліктік құқығыныың және міндеттемелеріне мұрагері больш табылады.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы:

Шардара ауданында құрылыс саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

  1. Негізгі міндеттері:

1) Шардара ауданында құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен жүктелген басқа да міндеттер.

  1. Функциялары:

-өзінің өкілеттілігі аясындағы мәселелерді талқылап және шешімдер қабылдай отырып, олардың орындалуы тиісті орындардан және жауапты тұлғалардан талап етуі;

-белгіленген тәртіппен қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат және материалдар алу;

-ауданның елді мекендеріндегі құрылыс салу аудандық жобада және жоспарында көрсетілгендей атқарылуына бақылау жасау;

- құрылыс индустриясы заман талабына сай келмейтін жағдайда, жобаға түзетулер енгізілуін қамтамасыз ету;

- жаңа құрылыс жайларын, бұрыннан бар обьектілерді кеңейту және қайта өңдеу, инженерлік құрылыс жүйелерін таңдау мен анықтайтын комиссия жұмысына қатысу;

- ауданның елді мекендерінде көріктендіру және құрылыс салу ережелерінің сақталуына тексеру  жүргізу;

- мемлекеттік тауарларды сатып алу мен қызмет көрсету жұмыстары бойынша конкурс ұйымдастыру және тапсырыс берушілердің потенциалды жеткізушілер мен арасындағы тендерлік шарттардың сақталу жұмыстарын үйлестіру;

- қоғамдық және өндірістік жайлар мен тұрғын-үй құрылысы  және оны көріктендіру сапасына  бақылау жасау;

- заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген ауданы аумағының құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын),  селолық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

- аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де құрылысының өзгерістері туралы халыққа  хабарлап отыру;

- аудандық маңызы бар  құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру  және көгалдандыру, аяқталмаған обьектілер құрылысын тоқтатып қою, обьектілерді кейіннен кәдеге  жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

- пайдалануға берілетін обьектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен  қабылдау және тіркеу  жөніндегі  жұмыстарды ұйымдастыру;

- салынып жатқан (салынуы белгіленген)  обьектілер мен кешендердің мониторингін  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен  жүргізу;

- ведомствалық бағынысты  аумақта  құрылыс салуға  немесе өзге де  құрылысын игеруге  арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерді көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін  алып қою жөнінде  шешімдер қабылдау;

- өзінің өкілеттілігі аясындағы мәселелерді талқылап және шешімдер  қабылдай отырып, олардың  орындалуы  тиісті орындардан және  жауапты тұлғалардан талап ету;

- белгіленген тәртіппен қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат  және материалдар алу;

- ауданның елді мекендеріндегі құрылыс салу, аудандық жобада және жоспарында көрсетілгендей атқарылуына бақылау жасау;

- құрылыс индустриясы заман талабына  сай келмейтін жағдайда, жобаға түзетулер енгізілуін  қамтамасыз ету;

- жаңа құрылыс жайларын, бұрыннан бар обьектілерді кеңейту  және қайта өңдеу,  инженерлік құрылыс  жүйелерін  таңдау  мен анықтайтын комиссия  жұмысына қатысу;

- ауданның елді мекендерінде  құрылыс салу ережелерінің сақталуына  тексеру жүргізу;

- қоғамдық және өндірістік жайлар мен тұрғын-үй құрылысы сапасына бақылау жасау;

- Қ.Р заңнамаларымен белгіленген өзге де өкілеттіліктерді  жүзеге асырады;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етед.

  1. Құқықтары:

1) Бөлімге мінделген функцияларды атқару үшін, мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұрауға және алуға, 

2) белгілі құзіреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға тапсырмалар береді;

3) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады;

4) бюджет заңдылықтары негізінде бюджет қаражаттарын қайтарады және қаржыландыруды тоқтатады;

5) өз құзырына жататын мәселелер бойынша әкім шешімінің, өкімінің, аудан әкімдігінің қаулысының, сонымен қатар, мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындайды;

6) осы ережемен және заңдылықтармен, облыстың және аудандық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік органның міндеттері:

Мемлекеттік органның міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасымен реттеледі.

 

3 Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

  1. Мемлекеттік органға басшылықты Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімнің бірінші басшысы жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте қызметке тағайындалады және босатылады.
  3. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
  4. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Мемелекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;

2) Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципіне іс-әрекет жасайды және Мемлекеттік органның жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.

  1. Мемлекеттік органды басқару кезінде бөлімнің басшысы бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіпте:

- Мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;

-заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік органның мүлігіне билікжасайды;

-банктерде есеп-шоттар ашады. Мемлекеттік органның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.

-заңдарда сәйкес Мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

-заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

-бұйрықтарға қол қояды;

-барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;

-Мемлекеттік органның жұмыс регламентін бекітеді;

-Мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болды;

-Мемлекеттік органның атынан іс-қимылдар жүргізеді, барлық органдарда, жеке және заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін көздеп ұсынады;

-барлық  кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер алдында келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

-құрылтайшы шешімін жүзеге асырады;

-Мемлекеттік органның атынан іс-жүргізу құқығына сенімхат береді, сонымен қатар қайта сену құқығына сенімхаттар береді;

- Мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, келісім-шарттар мен контрактілерге қол қояды және мемлекеттік мекеменің қызметіне тікелей жеке жауапты болады, материалдық және ақша қаражаттарын пайдалануын бақылайды.

-қаржы-шаруашылық қызметтерін бақылайды және ұйымдастырады;

- Мемлекеттік органның дамуының негізгі бағыттарын ескере отырып, еңбекке ақы төлеу жүйелерін, лауазымдық жалақы мөлшерін анықтайды, сыйақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын және тәртіптік жазаларын қолданады;

- бұйрықтар шығарады;

- Мемлекеттік органның қызметкерлерінің жұмысқа қабылдауын және шығарылуын жүргізеді;

- заңдарға сәйкес басқа да құзіреттерді жүзеге асырады;

  1. Мемлекеттік органның бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  2. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

            Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ереже құрылыс бөлімі
Дата публикации
18 сентября 2026