Ереже жер қатынастары

 

Шардара ауданы әкімдігінің

2024  жылғы 14 қазандағы

№ 256 қаулысына 17- қосымша

 

Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі»  мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Шардара ауданында жер қатынастары салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
  4. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  7. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  8. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  9. Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Шардара ауданы, 161400, Шардара қаласы, Қазыбек би көшесі, 2 Г.
  11. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер, бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
  2. Мақсаттары:

- жер қатынастары саласындағы бірыңғай мемлекеттік басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

  1. Өкілеттіктері:

1)  құқықтары:

- бөлімге міндеттелген функцияларды атқару үшін, мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұрауға және алуға;

- белгілі құзыреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға тапсырмалар береді;

- өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

- өз құзырына жататын мәселелер бойынша әкім шешімінің, өкімінің, аудан әкімдігінің қаулысының, сонымен қатар, мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындайды;

- аудан әкіміне жер қатынастары саласын талдап есеп беріп отыру;

- өз атынан келісім шартқа, шартқа тұру, сенімхат беру, мүліктік және мүліктік емес құқыққа ие болу, сотта талапкер және жауапкер болу және де заңдарға сәйкес жүктелген басқа да іс-әрекеттер жүргізу;

- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады;

- жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

-  мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді. 

2)  міндеттері:

- жиналыстар өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімлдігінің отырыстарына қатысады;

- Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара ауданында жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамыз етеді;

- Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара ауданында жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. функциялары:

- жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру;

- жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;

- жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;

- басқа да табиғат қорғау шараларының кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеп, тиісті өкілді органның бекітуіне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

- ауылдық атқарушы органдардың құзырына берілген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елді мекендер аумағында жер – шаруашылық орналастыру жобаларын тиісті өкілді органның бекітуіне әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

- елді мекендердің аумақтарын жер – шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендттерде орналастыру;

- арнайы жер қорын құру;

- жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту;

- пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;

- егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық– барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру;

- орталық уәкілетті органға жер кодексінің 92 және  93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғлар туралы ақпарат беру жатады;

- шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу;

- жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу;

- жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту мемлекеттік қызметін көрсету;

- жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту мемлекеттік қызметін көрсету;

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызметін көрсету;

- іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсету;

- ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру мемлекеттік қызметін көрсету;

- жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау мемлекеттік қызметін көрсету;

- жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеу не бөліп төлеу арқылы сату мемлекеттік қызметін көрсету;

- жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде ҚР заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

  1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
  2. Бөлімді басқаруды бірінші басшысы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

3) сенімхаттар береді;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық әкілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.

11) Бөлімде бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
  2. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

  1. Мемлекеттік органды органның мүлкі
  2. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

- Бөлімның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылуына байланысты барлық мүліктік құқықтарымен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

 


  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімнің ведомствалары жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ереже жер қатынастары
Дата публикации
18 сентября 2026