«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайынғы өткізілетін халықаралық «Жан Шуақ» қоғамдық
сыйлығын табыстау рәсімі туралы
ТҰЖЫРЫМДАМА
Өтетін күні мен орны: 26.06.2026 ж., Астана қ. Бейбітшілік және келісім сарайы.
Ұйымдастырушылар: «AMANAT» партиясының қолдауымен «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі.
«Жан Шуақ» халықаралық сыйлығы «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ тағайындаған марапат. Бұл сыйлық мүгедектігі бар, алайда өмірге белсенді көзқараспен қарайтын, елдің мәдени, қоғамдық және спорттық өміріне үлес қосатын, өз мақсаттарына жету жолында табандылық пен ерік-жігер танытып, өзгелерге өнеге болған азаматтарға беріледі.
Мақсаты:
Қоғамның назарын мүгедектігі бар азаматтардың мәселелеріне аудару, өзекті мәселелерді шешу жолындағы әрекеттерді күшейту және үйлестіру. Мүгедектігі бар азаматтардың жеке дамуына жаңа мүмкіндіктер ашу, алға қойған мақсаттарына жету жолындағы талпыныстарын қолдау және қоғамға пайда әкелуіне жағдай жасау. Бірлескен іс-қимыл арқылы әлеуметтік тосқауылдарды еңсеріп, олардың қоғамдық ортаға еркін араласуына жағдай жасау.
Міндеттері:
ерекше жандардың мәдениет, спорт және қоғам өміріне етене араласуына жағдай жасау;
мүгедектігі бар азаматтардың арасынан жаңа таланттарды анықтап, олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға қолдау көрсету;
әртүрлі елдердегі ерекше қажеттілігі бар жандардың өзара байланысын арттыру арқылы тәжірибе алмасуына және шығармашылық тұрғыдан толысуына ықпал ету;
қоғамды мүгедектігі бар жандардың тыныс-тіршілігі мен мүдделерінен құлағдар ету;
ерекше жандарға деген құрмет пен жанашырлықты оятып, оларды тең құқылы қабылдау мәдениетін қалыптастыру;
мүгедектігі бар азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер қозғалысы және бизнес өкілдері арасындағы көпжақты әлеуметтік әріптестікті жүйелі түрде дамыту.
Қатысушылар:
Бұл сыйлыққа үміткер ретінде қатысуға құқылы адамдар:
– I, II, III топтағы мүгедектігі бар, 18 жастан асқан жеке тұлғалар;
– қоғамдық-мәдени өмірге белсене қатысып жүрген мүгедектігі бар
азаматтардан құралған шығармашылық ұжымдар.
Премияға қатысуға үміткерлерді мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары немесе қатысушылардың өздері ұсына алады.
Үміткерлерді таңдау процесі ашық байқау түрінде жүргізіледі
Үміткерлер мен жеңімпаздарды іріктеу механизмі
Сыйлықты ұйымдастыру және өткізу үшін:
- Ұйымдастыру кеңесі;
- Қоғамдық кеңес құрылады.
Қоғамдық кеңес құрамына «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ, «AMANAT» партиясының өкілдері, қоғам, мемлекет және саясат қайраткерлері, коммерциялық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
Қоғамдық кеңес әр номинация бойынша бір жеңімпазды таңдайды. Жеңімпаздарды анықтау шешімі Қоғамдық кеңес мүшелерінің көпшілік даусы арқылы қабылданады.
Бағалау критерийлері:
1. Номинацияға сәйкестігі;
2. Қатысушының кәсіби шеберлігін растайтын құжаттар, марапаттар, фото, видео және аудио материалдар;
3. Құжаттардың толық ұсынылуы.
Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша жарияланады:
- «Спорт саласындағы үздік жетістіктері үшін»
Бұл номинация спорт саласында табысқа жетіп, Паралимпиада ойындарында, арбамен билеу және басқа да спорт түрлерінде жоғары нәтижелер көрсеткен мүгедектігі бар азаматтарға беріледі.
- «Цифрлық даму саласындағы көшбасшылығы үшін»
Аталған номинация жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновациялар саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізген мүгедектігі бар азаматтарға беріледі.
- «Мүгедектігі бар тұлғаларға деген қоғамның оң көзқарасын нығайтуға қосқан үлесі үшін»
Бұл номинацияда мүгедектігі бар азаматтарға қатысты қоғамдық сананың өзгеруіне үлес қосқан, олардың рөлін арттыруда және ҚР басқа азаматтарымен тең дәрежеде қоғамдық өмірге қатысуда ерекше рөл атқарған мүгедектігі бар азаматтар қатарындағы адамдар марапатталады.
- «Мызғымас рухы мен табысқа жетуге деген ерік-жігері үшін»
Бұл номинация өмірге деген белсенді көзқарасы мен табандылығының арқасында түрлі салада үлкен жетістікке жетіп, өз өнегесі арқылы өзгелерді белсенді әрі жігерлі болуға шабыттандырып жүрген мүгедектігі бар азаматтарға арналған.
- «Мәдениет саласындағы ерекше жетістіктері үшін»
Бұл номинация мәдениеттің түрлі бағыттарында табысқа жеткен мүгедектігі бар азаматтарға беріледі.
- «Өнер саласындағы ерекше жетістіктері үшін»
Бұл сыйлық өнер мен шығармашылық саласында елеулі табысқа жетіп, өзінің жетістігімен өзгелерге үлгі көрсеткен мүгедектігі бар азаматтарға беріледі.
- «Кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін»
Бұл номинация Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосқан мүгедектігі бар азаматтарға беріледі.
8. «Иран Омарбеков атындағы қоғамдық қордың арнайы сыйлығы»
Иран Омарбеков атындағы қоғамдық қордың байқаудан тыс сыйлығы. Арнайы марапат «Жан Шуақ» сыйлығының бастамашысы – «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ шешімімен беріледі.
Премияның өткізілу тәсілі мен өтетін орны:
Іріктеу кезеңі және марапаттау рәсімі Астана қаласында, Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
Қатысуға өтінімдер 2026 ж. 20 сәуірден бастап қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау 2026 ж. 17 мамырға дейін жалғасады.
Жеңімпаздар 2026 ж. 22 мамырда анықталады.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты кеші – 2026 жылы 26 маусым, Астана қаласында өтеді
Өтінім беру тәртібі:
«Жан Шуақ» жыл сайынғы республикалық сыйлығына өтінім бір данада zhan.shuaq@mail.ru е-mail арқылы НЕМЕСЕ Қазақстан Республикасы, ZOOP6K8, Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 43/1, мекенжайы арқылы жеке тапсыру керек. (үйдің қаптал жағынан кіреберіс, тұрақтың жанында, мүгедектігі бар азаматтарға арналған көтергіш бар).
Барлық сұрақтар бойынша жұмыс уақытында келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 701 555 74 07.
«Жан Шуақ» сыйлығына қатысуға арналған құжаттар тізімі:
- Сауалнама (үлгі 2 тілде беріледі)
- Үміткердің қысқаша өмірбаяны немесе автобиографиясы, онда оның белгілі бір саладағы немесе қызметтегі жетістіктері көрсетілуі қажет (көлемі – 2 беттен аспауы тиіс).
- Үміткердің қатысуымен өткен әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және спорттық іс-шаралардан фотосуреттер (10 данаға дейін)
- Алғыс хаттар, дипломдар, грамоталар (10 данадан аспауы тиіс)
Тыйым салынады:
- фото/видео/мақалаларға сілтеме беру;
- Мұрағатталған папкалар жіберу.
Күтілетін нәтиже.
- Мүгедектігі бар азаматтарға әртүрлі қызмет салаларындағы жетістіктерін көрсету.
- Оларды шығармашылық және басқа да қабілеттерін дамыту және жетілдіру мақсатында белсенді қоғамдық өмірге тарту.
Ақпараттық қолдау.
Республикалық және өңірлік БАҚ, «AMANAT MEDIA GROUP» ЖШС-ның құрылымдық бөлімшелері
Назар аударыңыз:
- Дауыс беру қорытындысы бойынша және Қоғамдық кеңестің отырысында жеңімпаздар анықталғаннан кейін, ұйымдастырушылар тек жеңімпаздармен байланысады!
- «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ ресми өкілі – Түребаева Анар.
- Ерекше назар аударыңыз: ұйымдастырушылар ешқандай қаражат жинамайды! Іс-шара қайырымдылық сипатта өткізіледі және марапаттау рәсіміне шақырылғандар мен қатысушылар үшін кіру тегін.
Жыл сайынғы «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығына үміткер жеке тұлғаларға арналған
сауалнама
1. Тегі, аты, әкесінің аты__________________________________________________________
2. Номинация атауы _______________________________________________________
3. Туған күні, айы, жылы__________________________________________________________
4. Туған жері____________________________________________________________________
5. Білімі________________________________________________________________________
6. Жұмыс орны__________________________________________________________________
7. Лауазымы____________________________________________________________________
8. Қызметтік телефон ____________________________________________________________
9. Ұялы телефон ________________________________________________________________
10. Үй телефоны ________________________________________________________________
11. Электрондық пошта (e-mail) ___________________________________________________
12. Облыс, қала, ауыл____________________________________________________________
13. Пошта мекенжайы (индексі, көшесі, үйі, пәтері)____________________________________
______________________________________________________________________________
14. Денсаулық жағдайы (диагнозы)________________________________________________________
15. Мүгедектік тобы және сипаты___________________________________________________
16. Қозғалыс кезіндегі арба және балдақты пайдалану қажеттілігі _____________________
______________________________________________________________________________
17.Денсаулыққа байланысты техникалық қызмет көрсету және тамақтану ерекшеліктері__
______________________________________________________________________________
Сондай-ақ, өзіңіз және хоббиіңіз туралы толығырақ жазуды сұраймыз.
Күні _______________ Өтініш берушінің қолы___________________
Жыл сайынғы «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығына үміткер ұжымға арналған
сауалнама
1. Ұжымның толық атауы_________________________________________________________
2. Қызмет саласы _______________________________________________________________
3. Номинация атауы (біреуден артық емес) ____________________________________
4. Облыс, қала, ауыл_____________________________________________________________
5. Заңды мекенжайы (индекс, көше, үй, пәтер/кеңсе)__________________________________
6. Басшысы____________________________________________________________________
7. Қызметтік телефон ____________________________________________________________
8. Ұялы телефон ________________________________________________________________
9. Үй телефоны ________________________________________________________________
10. Электрондық пошта (e-mail) ___________________________________________________
11. Денсаулық жағдайы (диагнозы)___________________________________________________
12. Мүгедектік тобы және сипаты___________________________________________________
13. Қозғалыс кезіндегі арба және балдақты пайдалану қажеттілігі _____________________
______________________________________________________________________________
14. Денсаулыққа байланысты техникалық қызмет көрсету және тамақтану ерекшеліктері ___
______________________________________________________________________________
15. Конкурсқа уәкілетті және жауапты тұлға______________________________
Сондай-ақ, өзіңіз және хоббиіңіз туралы толығырақ жазуды сұраймыз.
Күні _______________ Өтініш берушінің қолы___________________
14 мамыр 2026 21:27
14 мамыр 2026