«ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ АСЫЛ БАҚЫТ ЕЛ ҮШІН» АТТЫ ШАРА

«ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ –  ЕҢ АСЫЛ БАҚЫТ ЕЛ ҮШІН» АТТЫ ШАРА

ЖҮЙНЕКТЕ «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ –
ЕҢ АСЫЛ БАҚЫТ ЕЛ ҮШІН» АТТЫ ШАРА (ЖИЫН) ӨТТІ.

Бүгін «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» тақырыбында Жүйнек ауылдық округінде жиналыс болып өтті. Жиналысқа Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Жұмадуллаев Мұхамеджан Ергешбайұлы, Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметов Сейлхан Ыбыханұлы, Сауран аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Рысбеков Құрманбай Жолданбайұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының басшысы Раматуллаев Арсылан Серікұлы және Жүйнек ауылдық округ әкімі Абдікарімов Төребай Асқарұлы қатысты.
Жиналыстың негізгі мақсаты Сауран ауданында өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдері арасындағы татулықты нығайту, этносаралық кикілжіңдердің алдын-алу, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып табылады.
Баяндамашылар қоғамды демократияландыруды тереңдету, оны топтастыру, азаматтық татулықты, тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету негізінде еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі мен егемендігін, қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бағытында баяндама жасады.
Жиналыс соңында тыңдаушылар тарапынан көптеген ұсыныс-пікірлер айтылды. Көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, жұмыс жалғасатын болады.