31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ!

Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалаған. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялыларын, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы.
Өркениетті қоғамға қадам басқалы тұрған ел үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу – өте қажетті іс.
31 мамыр саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жариялануы – ұрпақ мойнына жүктелер парызға деген адамдықтың жарқын көрінісі.

31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ!
Дата публикации
31 мая 2024