Құрметті жерлестер!
Қадірменді Жүйнек ауылының тұрғындары!
Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Осы акция көлемінде Жүйнек ауылдық округі бойынша 3000-ға жуық көшеттер отырғызылып, біршама ескірген үйлердің қасбеттері мен сыртқы қоршаулары ретке келтіріліп, жол бойындағы ретсіз өскен ағаштарды бұтау жұмыстары жүргізіліп келеді. Таза қоғам мәдениетін қалыптастыруға өздеріңіздіңде қосып жатқан үлестеріңіз орасан зор.
«Тазалық – денсаулық кепілі» деп халқымыз бекерге айтпаған. Әр саналы азамат өзі тұратын ауылдың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек.
Алдағы аптада өзендермен көлдердіңаумақтарын тазалау жұмыстары жүргізілетін болады. Қоршаған ортаның тазалығын сақтап, Табиғат-Анаға қамқорлық таныту баршағамызға ортақ іс. «Тазалық жасаған жерде емес, сақтаған жерде» екенін ескеріп, әрбір азаматты қоршаған ортамызға жанашырлықпен қарап, туған жерінің қадірін ұғынып, баршаңызды ауылдың тазалығын сақтауға шақырамын.