САУРАН АУДАНЫ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ КӨШПЕЛІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

САУРАН АУДАНЫ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ КӨШПЕЛІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Сауран ауданы мәслихат төрағасы Байсбаев Сержан Жібек жолы ауылдық округінде бекітілген кестеге сәйкес, көшпелі жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға ауылдық округ әкімі Мейрамбек Аширбеков, депутат Раматуллаев Арыслан қатысты. Көшпелі қабылдауға ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Атап өтсек, ауылдық округінің тұрғыны Мұзаппар Қорғалұлы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратының ескіріп, тозуына байланысты жаңа әкімдік ғимаратының құрылысы қашан басталатынын, ауылдық округтердегі жолдарды асфальттау, ауылға көгілдір отын қашан келетінін сұраса. Сонымен бірге, ауыл тұрғыны Тұрғанбаева Нұржамал ауылымызда интернет желісінің нашар болуы және Ескі Сауран ауылына балалар ойын алаңшасын (Воркоунт) салынып берілсе балаларға ойын ойнап, спортпен шұғылдануына дұрыс боларын айтты.

 Сауран ауданы мәслихат төрағасы Байысбаев Сержан көшпелі жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.