Сауран ауданы әкімінің орынбасары Букебаев Бақытжан Кеңесбекұлы Жібек жолы ауылдық округінде бекітілген кестеге сәйкес, көшпелі жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға ауылдық округ әкімі Әшірбеков Мейрамбек, дербес бөлім басшылары мен орынбасарлары, тиісті сала басшылары қатысты.Көшпелі қабылдауға ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Атап айтып өтсек, ауылдық округінің тұрғыны Мұзаппар Қорғалұлы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратының ескіріп, тозуына байланысты жаңа әкімдік ғимаратының құрылысы қашан басталатынын, ауылдық округіндегі жолдарды асфальттау, ауылға көгілдір отын қашан келетінін сұраса, Ешмұханов Батырхан карер мәселесін көтерді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары Назира Шардарбекова 3 баласына атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдем беруін алға тартса, Алибеков Айбек өзінің жеке шаруашылығы бар екенін, соған егетін егістік дақылдарын суаруға скважина арқылы электр бағасының қымбатқа түсетінін, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер қатарына қосылса, электр бағасының төмен төлеуге мүмкіндік бар екенін жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Кеңесбекұлы көшпелі жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұхият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.