Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен бұқаралық спортты дамыту мақсатында Жаңа Иқан ауылдық округі мектептер арасында футболдан ашық біріншілігі өтті. Сайысқа ауылдық округтегі 3 мектептен 9 команда қатысып, 3 команда жүлделі орынға ие болды. Спорттық шараны ұйымдастырушылар Сауран аудандық №1 Бабалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол жаттықтырушылары Мүсірбеков Әділет, Акажанов Кадиржан, Юлдашов Шахрух.