МАЙДАНТАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «АУЫЛЫМ-АЛТЫН БЕСІГІМ» ШАРАСЫ ӨТТІ

МАЙДАНТАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «АУЫЛЫМ-АЛТЫН БЕСІГІМ» ШАРАСЫ ӨТТІ
✅ 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Майдантал ауылдық округінде «Ауылым-алтын бесігім» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Кеңесбекұлы, Майдантал ауылдық округінің әкімі Ж.Досболов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейлхан Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, аудандық мәслихат депутаты Арсылан Раматуллаев, аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманова қатысты.
✅ Жиынды Майдантал ауылдық округінде арнайы өткізіп отыруының арнайы себебі бар. Шараның аты айтып тұрғандай, қазақы дәстүрлеріміз кеңінен дәріптелді. Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгімелер айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады.
✅ Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын кеңінен насихаттау туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Өскелең жастарымыз қашанда «Үлкенге құрмет - кішіге ізет» көрсете отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу қажеттігі айтылды.