Бүгін "AMANAT" партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Сауран аудандық мәслихатының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Байсбаев Сержан Ермекбайұлы Майдантал ауылдық округінде ауыл тұрғындардың арыз-өтініштері бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық мәслихат депутаты А.Раматуллаев, ауыл әкімі Ж.Досболов және ауыл тұрғындары қатысты.
Көшпелі қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғыны Ә.Килыбаев көшелерге камера орнату керектігін және жайлы мектеп салу бойынша ұсынысын білдірді.
Қаражон елді мекенінің тұрғыны Д.Курманов ауылдағы тоғаннан шыққан 7 км латокты күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек және ауыл орталығынан Воркоунт ойын алаңшасын салуды жоспарға енгізуді сұрады.
Халықтың мұң-мұқтажын тыңдаған мәслихат төрағасы С.Байсбаев ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелерге жеке-жеке тоқталып өтті. Ә.Килыбаевтың көтерген жайлы мектеп салу мәселесі бойынша 2025 жылдың бюджет жоспарына енгізілгенін айтты. Жоғарыда көтерілген мәселелерге заң аясында жауап беріп, орындалуын өз бақылауына алатындығын жеткізді.