МАЙДАНТАЛДА «МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС» СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

МАЙДАНТАЛДА «МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС» СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Майдантал ауылдық округ әкімі Жандос Досболов ауылдық округке қарасты Ынталы аулындағы Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысты.

Жандос Мұратұлы педагогикалық ұжымды, оқушылар мен олардың ата-аналарын құттықтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған барлық түлектерге жылы лебізін білдірді.

«Соңғы қоңыраудың соғылуы балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам жасаған маңызды шақтың уақыты келгенін білдіреді. Көпшілігің болашаққа жоспар құрып, мақсаттарыңды айқындап та қойған боларсыздар. Сол асыл мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспін. Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың және аялап өсірген ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосады деп сенемін» деді ауыл әкімі.

Шара барысында мектеп бітіруші түлектер мектеп вальсін орындап, әсем әуендерін шырқады. Салтанатты жиында 11 сынып оқушысы Есен Рамазан мен бастауыш сынып оқушылары Керімбай Ерқанат және Әніш Айша соңғы қоңырауды соқты.

Айта кету керек, биыл ауылда 22 оқушы мектеп бітірмек. Олардың 22-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Биыл 1 оқушы Байбала Қымбат «Алтын белгіге» үміткер болып отыр.