Қарашық ауылында жаңа тігін цехы ашылып, аудан тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары пайда болды. Цехтың ашылуына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен облыстық мәслихат депутаты Инара Абдығаппарқызы, аудандық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Абдуллаев арнайы қатысып, көпшілікке жылы лебіздерін білдірді. Жоба Сауран ауандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дильназ Омарованың ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жаңа өндіріс орнының ашылуы ауыл экономикасының дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Аудан әкімінің айтуынша, бұл жоба ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әсіресе жастар мен әйелдер үшін жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Мақсат Таңғатаров цехтың алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, өңірлік нарықта сұранысқа ие болатынына сенім білдірді.
Облыстық мәслихат депутаты Инара Абдығаппарқызы жаңа цехтың ашылуы облысымыздағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететінін атап өтіп, бұл секілді бастамаларды қолдауға дайын екендігін айтты. Ол сонымен қатар, өндіріс орындары ашылу арқылы қолөнер саласында да жаңа мүмкіндіктер туындайтынын жеткізді.
Жаңа тігін цехы жергілікті тұрғындар үшін тек жұмыс көзі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан аймақтың дамуына оң әсер ететін жоба болмақ. Цех жұмысының алғашқы кезеңінде 20 адам тұрақты жұмысқа алынды, ал алдағы уақытта жұмыс орындарының санын көбейту жоспарлануда.
2024 жылдың қыркүйек айының 16 мен 20 күндері аралығында Тұран жалпы орта мектебінде тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында "АМАNАТ" партиясының бастамасымен ұйымдастырылған "Қарызсыз қоғам" әлеуметтік жобасы (семинар) өткізілді.
Аталмыш семинарда, оқытушы Қапбар Мұстафа Ерланұлы қаражатты ұтымды басқарып, шығынды оңтайландыруды үйретті. Қаржыны жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, қаржылай тәуелсіз болуды, депозиттер мен қаржылық жоспар құруды айқындады.
18.06.2024 жылы Сауран ауданы әкімдігінің “Қарашық ауылдық округ әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде “Ашық есік күні” акциясы өтті. Акция аясында ауылдық округ әкімі Оразбаев Сакен Есенкелдіұлы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап алдағы уақытта заң аясында шешілетінін айтты.
Қарашық ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде мәдениет үй қызметкерлері ұйымдастыруы мен “Рәміздер- отыншылдық сезімнің бойтұмары” атты жиын болып өтті. Жиынды мәдениет үйі директоры А.Азизбеков жүргізіп “Рәміздер отаншылдық сезімнің бойтұмары” атты әңгіме сұхбатты ұйымдастыруымыздың мақсаты Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының Рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге шақырды.Қарашық ауылдық округі әкімі Сакен Уразбаев және ауыл әкімінің орынбасары Сержан Жасибаев 4 маусым -Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтап өз лебіздерін білдірді.