GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
29 сентября 2026
Бекітілген Түркістан облысының аумағының қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасы

2026 жылғы 16 қыркүйекте Түркістан облыстық мәслихатының №26/352-VIII шешімімен  Түркістан облысының аумағын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасы бекітілді.

24 сентября 2026
Эскиздік жобаны тапсыру бойынша нұсқаулық

Эскиздік жобаны келісу бойынша бейне нұсқаулық.

16 сентября 2026
Жеке қабылдау 4 тоқсан 2026 жыл

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Асанов Қуаныш Қабылбекұлы Түркістан қаласында, Жаңа қала шағын ауданында облыстық басқармалар үйінде орналасқан «Азаматтарды қабылдау орталығында» жеке қабылдау өткізетінін хабарлаймыз.

Ағымдағы жылдың

қазан айының 21 күні сағат 16:00-17:00 дейін

қараша айының 24 күні сағат 16:00-17:00 дейін

желтоқсан айының 22 күні сағат 16:00-17:00 дейін

 

03 сентября 2026
Заңсыз үлестік құрылысқа алданудан сақтану жолдары

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! 

Тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын заңсыз тартуға жол бермеу мақсатында, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған арнайы бейнеролик пен жадынама ұсынылады. Материалдарда заң талаптары мен қауіпсіздік шаралары қамтылған.

Ақпаратпен танысып, қаржылық шешім қабылдауда сақ болуға шақырамыз.

Бейнежазба

 

12 июня 2026
Түркістан облысының бас жоспарлары

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен аудан-қалалардың бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының орындалу барысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиында өңірдің сәулет және қала құрылысы саласындағы өзекті мәселелер қаралып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Облыс аумақтарын кешенді дамыту мақсатында 2023-2024 жылдары «Түркістан облысының аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасы» әзірленген. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамада қаралып жатыр.

Бүгінде Түркістан облысында 801 елді мекеннің 794-і бас жоспармен қамтылған. Қалған 7 елді мекеннің бас жоспарлары бекітілген жол картасына сәйкес әзірлену үстінде.

Жиында Түркістан қаласының жаңадан бекітілген Бас жоспарының негізгі бағыттары таныстырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі қаулысымен бекітілген құжатқа сәйкес, қала аумағы 22,3 мың гектарды құрайды. 2044 жылға қарай Түркістан халқының саны 400 мың адамға дейін өседі деп болжанған. Сонымен қатар тұрғын үй қоры ұлғайтылып, көпқабатты тұрғын үйлер салынатын аумақ кеңейтіледі. Туристер санын жылына 5 миллион адамға жеткізу, өндірістік аймақ көлемін арттыру және өңір экономикасын 500 млрд теңгеге дейін өсіру жоспарланған.

 

12 июня 2026
Жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау .

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында ағымдағы жылдың 14 мамыр – 26 маусым аралығында ішкі талдау жүргізілуде.

Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2026 жылдың 18  маусым күні 16:00-де басқармалар үйі 4 қабат, Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының мәжіліс залында өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына шақырамыз.

Байланыс: 8-705-682-40-62 8-72533-5-87-01

Эл.почта:tosaulet.2019@yandex.kz

09 апреля 2026
Жеке қабылдау

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!!!

 Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Асанов Қуаныш Қабылбекұлы Түркістан қаласында, Жаңа қала шағын ауданында  облыстық басқармалар үйінде орналасқан «Азаматтарды қабылдау орталығында» жеке қабылдау өткізетінін хабарлаймыз.

        Ағымдағы жылдың:

  • сәуір айының 23 күні сағат 16:00-17:00 дейін
  • мамыр айының 21 күні сағат 16:00-17:00 дейін
  • маусым айының 25 күні сағат 16:00-17:00 дейін

 

01 октября 2025
Түркістан облысы

 

         Жалпы Түркістан облысы бойынша 801 елді мекен бар. Соның ішінде халық саны 5000 адамнан асатын - 67 елді  мекен және халық саны 5000 адамға дейінгі - 734 елді  мекен.

         Халық саны 5000 асат//ын 67 елді мекен бас жоспармен толық қамтамасыз етілген, 100% құрайды.

         Халық саны 5000 адамға дейінгі - 734 елді мекеннің 727 елді мекенінде дамыту мен құрылыс салу схемасы әзірленген,  99,04%  құрайды.

            Қалған 7 елді мекендердің дамыту мен құрылыс салу схемасы 2025-2026 жылға жоспарланып, әзірленуде. Оның ішінде,Бәйдібек-2, Сарыағаш-3, Арыс -2. 

23 сентября 2025
Түркістан облысының елді мекендерін абаттандыру мен көгалдандыру бойынша семинар-кеңес

Түркістан облысының елді мекендерін абаттандыру мен көгалдандыру бойынша семинар-кеңес

Түркістан облысsның әкімдігі тарапынан, Мемлекет басшысының бастамасымен орындалып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы А.Дәдебайдың өңірлерде урбанстиканы дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес,                            «Түркістан облысының елді мекендерін абаттандыру мен көгалдандыру бойынша семинар-кеңес» ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер Комитеті төрағасы орынбасары м.а. Ж.Ержанов., Астана қаласы «Урбанистика орталығының» басшысы Е.Базыкен, облыстық басқармалар және аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Басты мақсат тәжірибе алмаса отырып, өңірде қалалық ортаның сапасын арттыру, елді мекендердің сыртқы келбеті мен экологиялық ахуалын жақсарту  болып табылады.

Іс-шара екі кезеңде өткізіліп, бірінші бөлігінде көшпелі іс-шара объектілерге бару, жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысу.

Екінші бөлігінде семинар-кеңесте Астана қаласы «Урбанистика орталығының» басшысы Е.Базыкен елордадағы урбанистиканы дамыту бойынша тәжірибемен бөлісіп және Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Көшенов облыс орталығы Түркістан қаласында атқарылып жатқан жобалар, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, көгалдандыру, қолайлы және жайлы қалалық ортаны қалыптастыру бойынша баяндамалар жасады.

 Семинар-кеңес урбанистиканы дамыту және тәжірибе алмасу тұрғысынан мазмұнды әрі пайдалы болды.

 

23 мая 2025
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында "сенім телефоны"
№ "Сенім телефондары" номері Орналасқан жері Жауапты маман (аты-тегі,саны), байланыс телефоны (ұялы,жұмыс) Түскен өтініш саны Орындалған өтініш саны
1 8(72533) 5-86-99  Түркістан облысының  сәулет және қала құрылысы басқармасы Тлеукиева Гульмира Ермахановна 87019792058 0 0
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы