Түркістан облысының сәулет және қала
құрылысы басқармасының басшысының
Қ.Асановтың баяндамасы
Құрметті Нұралхан Оралбайұлы және мәжіліске қатысушылар!
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының
2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы
ақпарат
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының
Негізгі бағыттары мен міндеттері:
Қала мен аудан орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту үшін арнайы бағалау индикаторы қарастырылған.
Аудан, қала әкімдіктерінің және басқарма басшыларының қызметтерінің бағалау критерийлеріне сәйкес, бағалау жүйесінің объективті және сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық, қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қызметіне байланысты 3 индикаторлық көрсеткіш белгіленген. (Слайд-2)Олар:
1.Түркістан облысы қала мен аудандарды дамыту мақсатында және туризм саласы бойынша концепциялар әзірлеу жұмыстары.
2.Түркістан облысы қала мен аудандардың орталықтарының сәулеттік келбеттің дизайнын (дизайн код) әзірлеу.
3.Түркістан облысы бойынша қала мен ауылдардың бас жоспарларын әзірлеу/түзету (1-кезең)
Түркістан облысында қала мен аудан орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында сәулеттік келбеттің дизайнын әзірлеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Басқарма тарапынан екі (2) мемлекеттік қызмет көрсетіледі. (Слайд-3) Олар:
1.«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету;
2.«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік қызметті көрсету;
Басқармаға үлестік қатысу бойынша өтініштер түскен жоқ және қызмет көрсетілмеген.
Осы мәселені анықтау барысында үлескерлердің қаржысын заңсыз тартудың алдын алу мақсатында біз тарапымыздан екі мәжіліс өткізіліп, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысыны ҚР бойынша бас жоспармен қамтылуы бойынша пайыздық көрсеткішпен алтыншы орында. (Слайд-4)
Облыс бойынша жалпы 801 елді мекен бар. Оның ішінде,
794 елді мекен бас жоспармен қамтылған. Қалған 7 елді мекеннің бас жоспарларын 2025 жылы әзірлеу жоспарланған.
Атап айтқанда, Бәйдібек ауданы (Байжансай е.м., Үсіктас е.м.),
Сарыағаш ауданы (Тыңтөбе е.м., Бағыс е.м., Дастан е.м.), Арыс қаласы
(Бұлақ е.м., Дарбаза е.м.) бас жоспарларын әзірлеу жұмыстары аудан,
қала әкімдіктері тарапынан жүргізілуде. 2026 жылы толықтай аяқтап 100 пайызға жеткіземіз.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары бекіткен 2023-2025 жылдарға 39 е.м. бас жопар дайындауға арналған жол картасы бойынша орындалу өте төмен болып тұр, атап айтқанда: (Слайд-5)
14 аудан орындай алмағанын айта отырып, Шардара ауданы тіптен бастамаған.
Осы мәселені шешу барысында басқарма тарапынан мердігерлермен тікелей жұмыс жүгізілуде.
Бас жоспарларды және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын цифрландыру, мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесіне енгізу мақсатында, басқарма тарапынан облыс көлемінде бас жоспарларға талдау жүргізілді. 523 елді мекендердіің бас жоспарлары сапасыз екені анықталды. Оның ішінде: 293 векторлық форматтағы сызбалары жоқ, 230 құрамында тек негізі сызбалар ғана бар.
Бас жоспарларға өзгерістер мен толықтырудар енгізу қажеттілігіне орай, облыс әкімдігімен 2025-2029 жылға арналған жол картасы бекітіліп, 390 елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеу/түзету жоспарланған. (Слайд-6) Оның ішінде:
2025 жылы - 106 елді мекен,
2026 жылы - 84 елді мекен,
2027 жылы - 76 елді мекен,
2028 жылы - 65 елді мекен,
2029 жылы - 59 елді мекеннің бас жоспарларына түзетулер енгізу жоспарланған.
Осы жоспар негізінде, 2025 жылы Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы (әрі қарай - Басқарма) тарапынан 30 елді мекеннің және аудан, қала әкімдіктері тарапынан 76 елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеу басталды және 2026 жылға өтпелі.
Бұл жол картасы бойынша Кентау қаласы мен Сарыағаш, Ордабасы аудандары орындамай отыр, бұл бойынша қызметтік хат жолданған.
Басқармамен 2023-2024 жылдары Түркістан облысының аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасы әзірленіп, тиісті мекемелерден келісім алынып, аяқталды. (Слайд-7)
Түркістан облысы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы Қазақстан Республикасының аумақтарын дамыту жөніндегі Бас схемасы, Түркістан қаласының бас жоспары және Түркістан облысындағы елді мекендердің бас жоспарлары негізінде әзірленді.
Кешенді схема аумақтың қала құрылыстық дамуының келешегіне арналған жобалық ұсыныстарды қамтиды және жобалаудың бастапқы кезеңін (2030 жыл), есептік мерзімін (2040 жыл) және болжамдық кезеңін (2050 жыл) қамтиды. Кешенді схема сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді және графикалық материалдарды қамтылып әзірленді.
Қазіргі таңда, «Мемсараптама» РМК-мен келісім-шарт түзіліп, кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткізілуде.
Бұдан бөлек аудан қала тарапынан қажеттілігіне байланысты 14 БЖ жасалып жатыр, атап айтқанда:
Облыс бойынша 92 егжей текжейлі жоспарлау жобаларымен (ЕТЖЖ) қамтылған. (Слайд-8)
Қазіргі таңда 9 ЕТЖЖ түзету жасалуда және қажеттілігіне байланысты басқарма тарапынан 3 ЕТЖЖ жүгізілуде, олар:
Төлеби ауданында Біркөлік елді мекенінің рекреациялық аумағын егжей тегжейлі жоспарлау жобасы, жобалау жұмыстары әзірленуде, жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық кеңес өткізу, келісу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда;
Сарыағаш ауданында Жібек жолы елді мекеніндегі егжей тегжейлі жоспарлау жобасы, жобалау жұмыстары орындалуда, құрылыс эскизі әзірленіп, мәжіліс қорытындысы бойынша ескертулер пысықталуда;
Сарыағаш қаласының (37 га) егжей тегжейлі жоспарлау жобасы, жобалау жұмыстары әзірленуде, жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық кеңес өткізілді, экология министрлігіне жолдау қажет. (Слайд-9)
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы аудан, қалалардың бекітілген бас жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында №1-3/28 бұйрығымен 16.10.2025 жылы жұмысшы топ құрды. (Слайд-10)
Жұмысшы топ бекітілген бас жоспарлардың іс жүзінде жүзеге асырылу бойынша мониторинг жүргізу үшін облыс аумағындағы аудан мен қалаларды аралау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, Бекітілген, қолданыстағы 4 аудан орталығының бас жоспарлары Түркістан облысының геоақпараттық порталына енбеген. Атап айтқанда: Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекені, Мақтарал ауданының Мырзакент және Атакент кенттері, Түлкібас ауданының Т.Рыскұлов елді мекені және Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылының қолданыстағы бас жоспары бойынша қызыл сызықтары (көше-құрылыс желілері) белгіленген жоспарлау-сұлбалары Түркістан облысының Геоақпараттық порталына ауытқып енгізілген.
Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылы болып табылатын, Шорнақ ауылдық округінің құрамындағы Шорнақ, Аша, Қосмезгіл ауылдары бас жоспарға сәйкес біріктірілмеген, жер шаруашылық орналастыру жобалары (жоспарлары) әзірленбегендігі анықталды. 2022 жылдан бері Түркістан облысының геоақпараттық порталына аудан орталығы енбеген.
Түлкібас ауданының орталығы Т.Рыскұлов аулының бас жоспарына сәйкес, аумағы кеңейтіліп, жер шаруашылық орналастыру жобалары (жоспарлары) әзірленбегендігі анықталды. Осыған байланысты, Түркістан облысының геоақпараттық порталына аудан орталығы енбеген.
Аталған құжаттардың негізінде аумақты тиімді жоспарлау, жер қатынастары рәсімдерін жүргізу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және құрылыс процестерін цифрландыру мақсатында қызыл сызықтарды Түркістан облысының Геоақпараттық порталына енгізу қажет. (Слайд-11)
Кентау қаласындағы Уалиханов пен Сейфуллин көшелері қиылысындағы орналасқан кәріз тазарту қондырғысы (КОС) қолданыстағы бас жоспарда қала аумағында орналастырылып, талаптарға сәйкес еместігі;
Кентау қаласын аралау барысында Кентау-Баялдыр тас жолының бойында орналасқан коммерциялық нысандар жер асты Шахтасының үстіндегі қауіпті аумақта орналасқандығы; (Слайд-12)
Сарыағаш ауданындағы орталық базар алдында және Рамадан каналының үстіне кәсіпкерлік ғимараттар орналасқандығы;
Ленгір қаласы аумағында бұрын шахта құрылыстары жүргізілген, сол себептен тұрғындар тарапынан алаңдаушылықтар туындауы және т.б. бірнеше фактлер анықталып, қәзіргі таңда әкімдіктерге тапсырмалар мен ұсыныстар жолданды. (Слайд-13)
Оның ішінде, 19 жоба Түркістан қаласының әкімдігі тарапынан, 57 жоба сәулет және қала құрылысы басқармасын тарапынан, құрылыс басқармасы мен жобалаушы мекеме тарапынан 5 жоба және «Тұран» арнайы экономикалық аймағы» тарапынан 27жоба қаралды. (Слайд-14)
Сонымен қатар, қаламыздың урбанистикалық дамуын ілгерілету үшін Астана қаласының «Урбанистика орталығының» үздік тәжірибесі, Тұркістан қаласының сәулет саласының басшылары мен мамандарына таныстырылып, бұл тек тәжірбие алмасу ғана емес Түркістан қаласының урбанистикалық дамуына тың қадам екені атап өтілді. (Слайд-15)
Келесі кезекте, қала, аудандарға мониторинг барысында Түлкібас ауданындағы орталық базар маңы мен Отырар ауданындағы Шәуілдір – Түркістан бағытындағы жол бойына орналасқан қоршаулар жол бойына тым жақын орналасқаны анықталды. Бұл өз кезегінде қоршаудың арты ретсіз пайдаланылуына және жол бойына тым жақын болғандықтан жол қиылыстарынан шығарда автокөлікке қауіпті аймаққа айналуы байқалуда. (Слайд-16,17)
Кентау қаласы, Яссауи көшесі бойында орналасқан «Береке» базарындағы нысандар құрылыстарының көше қызыл сызығына орналасқаны және жерүсті жылу желілерінің күзет аймақтары сақталмағандығы анықталып, өз кезегінде, құзырлы органдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316-бабының 1 бөлігі, 321 және 323 бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар салынып, бұзушылықтарды жою мақсатында нұсқама берілген. Бұдан бөлек, Кентау Сервис МКК теңгеріміндегі жылу құбырына жақын орналасқан жеңіл конструкциялы 3 бутик иелеріне түсіндіру жүргізіліп, нәтижесінде өз бетінше сүрілген.
Сонымен бірге, Бәйдібек ауданы Шаян елді мекені аумағында орналасқан кәсіпкерлік ғимараттардың қасбетінде шамамен 1,5 метр алдыда қоршалған қабырға апаттық жағдайда екені және ішкі аумағына жеңіл конструкциямен қоршалған, тандырға арналған орындар талаптарды сақтамай пайдаланылғаны анықталып, тиісті тапсырмалар берілуде. (Слайд-18)
Облыстағы туризмді дамыту мақсатында әр аудан/ қаладан концептуалды жобалар дайындалып ұсынылуда. (Слайд-19)
Мақсаты аудан, қала орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту, тұрғындардың тіршілік ету мекендерінде қолайлы ортаны қалыптастыру. Әрбір аудан, қалаларға «Сәулеттік бюро» КММ-нің жауапты мамандары бекітілген. Бұл жұмыстар, әсіресе, облыс орталығы Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани және мәдени орталығы ретінде дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар, облыстық туризм басқармасымен бірлесіп аймақтағы туристік 100 орын анықталып, концептуалды жобалар кезегімен дайындалуда. Қазіргі таңда, аталған орындардан бөлек облыстағы басқада орындар зерделеніп жаңа локацияларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. (Слайд-20)
Аудан, қала әкімдіктерінің сәулет және қала құрылысы бөлімдері тарапынан көрсетілетін сәулет-жоспарлау тапсырмалары (СЖТ), эскиздік (нобайлық) жобаларды келісу, пайдалануға қабылдау актілерін есепке алу, оларды мемлекеттік қала құрылысы кадастры геопорталына енгізу, жүргізілуде және осы аталған жұмыстарға басқармамен тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр.
Негізі мақсат:
- заңсыз құрылысты алдын алу;
- сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
- мемлекеттік қызметтердің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- құжаттарды уақытылы және сапалы дайындау;
- құжаттардың цифрлануын қамтамасыз ету.
2025 жыл басынан:
- СЖТ беру бойынша 3635 өтініш қаралып, жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен жұмыстар атқарылды. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік қала құрылысы кадастырының геопорталына 3464 СЖТ енгізілді.
- Эскиздік (нобайлық) жобаны келісу бойынша 3959 өтініш келіп түсіп, жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен жұмыстар атқарылып, 3836 эскиздік жобалардың енгізілуі қамтамасыз етілді.
- Пайдалануға берілген тұрғын үйлерді Мемлекеттік құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Геопорталына енгізу –Түркістан облысы бойынша жыл басынан жалпы 3210 (1 092 408 ш.м.) оның ішінде: 2617 (942 610,13 ш.м.) енгізілді. (Слайд-22)
Бөлім тарапынан көрсетілетін қызметтерге мониторинг барысында бірнеше фактылер анықталып, атап айтқанда Сауран, Шардара, Сарыағаш, Ордабасы, Созақ аудандарынан құрылысы салынып қойған объектіге сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілгенді белгілі болып, зерделеу жүргізілуде. (Слайд-23,24)
Басқарма тарапынан белгіленген міндеттерге сәйкес бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта сәулет талаптарын күшейтіп, елді мекендердің кешенді дамуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасатын болады.
Назарларыңызға рақмет!