2024 – 04 маусым 2025 жыл аралығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша анықтама
Түркістан қаласы 21.04.2025 ж.
1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын басқарманың, бөлімшенің атауы:
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы
21.04.2025 ж. басталды 04.06.2025 ж. аяқталды.
Осы талдамалық анықтамаға қол қоюшы жұмысшы топпен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Түркістан облысы сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының 2025 жылғы 10 сәуірдегі №1-3/10 бұйрығы негізінде басқарма және оған бағынысты «Сәулеттік бюро» КММ-сі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары А.Тоғызбаевтың 2025 жылғы 03 сәуірдегі №12/3622 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші базалық бағытының жобаларын орындау шеңберінде Түркістан облысының басқармалары мен квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу хатына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамту кезеңі 2024-04.06.2025 жыл болып бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:
Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмаған.
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында мемлекеттік қызметшілердің штат саны 12 бірлікті құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны қазіргі таңда, 11 қызметшіні құрайды.
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында 11 қызметшінің 11 жоғары білімді.
Жоғары мамандығы біреуден көп қызметшілер саны 2 құрайды.
2025 жылдың жағдайында 5 қызметкер жоспарланып, біліктілігін арттыру оқуынан өтті (Қалымбетова Жанна Әшімқызы, Шораева Сания Асқарқызы, Мырзабекова Мадина Балтабайқызы, Еркінбек Досхан Қуанышбекұлы, Князова Алтынай Қалдыбекқызы).
Мемлекеттік органда үш жылдан жоғары қызмет атқарған қызметшілер саны 8 құрайды. Оның ішінде 2 ер, 6 әйел, бос орындар саны-1 бірлік, зейнеткерлік жасқа дейінгі қызметшілер саны-1.
2024 жылдың жағдайы бойынша жеке құрам мемлекеттік қызметкерлер бойынша 99 бұйрық, штаттан тыс қызметкерлер бойынша 19 бұйрық, негізгі құрам бойынша 49 бұйрық қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.
Басқармада жұмысқа қабылдау, іріктеу конкурсы Түркістан облысы аппаратымен өткізіледі.
Сонымен қатар, басқармаға қарасты «Сәулеттік бюро» КММ-нің азаматтық қызметшілерінің штат саны – 26 бірлікті құрайды. Нақты саны қазіргі таңда 17 қызметшіні құрайды.
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік бюро» КММ-де 17 қызметшінің 16 жоғары білімді, 1 орта білімді, оның ішінде 12 ер, 5 әйел, бос орындар саны – 9 бірлік.
2024 жылдың жағдайы бойынша жеке құрам бойынша – 97 бұйрық, негізгі құрам бойынша - 13 бұйрық қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.
Азаматтық қызметшілерді жұмысқа қабылдау, іріктеу «Enbek.kz» биржасы арқылы рәсімделеді.
Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі талаптарымен және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулермен таныстырылған. Шектеулердің сақталуы үнемі бақылауда.
Басқарма қызметіне зиян келтіру мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмаған.
Бақылау функциялары кірмейді.
2024 жылдың жағдайы бойынша Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына 001 аппаратты күтіп ұстау бағдарламасы бойынша 109 594,0 мың теңге қаржы қаралды, 002 қалақұрылысының кешенді схемаларының және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу бағдарламасы бойынша 241 662,0 мың теңге қаржы қаралды, 004 мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша 13 111,0 мың теңге қаржы қаралды және 113 нысаналы трансферттер бағдарламасы бойынша 180 545,0 мың теңге қаржы бөлінді. Басқармада қызметкерлерді ақшалай сый ақы беру тәртібі қызметкерлер арасында наразылық тудырмай бөлініп берілген. Сонымен қатар, қызметкерлердің денсаулығына, отбасылық жағдайына байланысты жеке өтініштері бойынша қызметкерлерге материалдық көмек көрсету орын алмаған.
2024 жылы мемлекеттік сатып алу жоспары 19 211,7 мың теңгеге бекітіліп, 26.12.2023ж. мемлекеттік сатып алу веб-порталына жүктелген.
2024 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 42 келісім-шарт түзіліп, қолданыстағы заң талабына сәйкес жүргізілді.
2024 жыл жағдайы бойынша салықтар мен өзге де төлемдер мерзімінде төленгені анықталды.
2024 жылы Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік бюро» КММ-нің 001 аппаратты күтіп ұстау бағдарламасы бойынша 77 030,0 мың теңге жоспарланған. «Сәулеттік бюро» КММ-де қызметкерлерді ақшалай сый ақы беру тәртібі қызметкерлер арасында наразылық тудырмай бөлініп берілген.
2024 жылы мемлекеттік сатып алу жоспары 5 360 368,0 мың теңгеге бекітіліп, 25.12.2023ж. мемлекеттік сатып алу веб-порталына жүктелген.
2024 жыл жағдайы бойынша салықтар мен өзге де төлемдер мерзімінде төленгені анықталды.
2024 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 10 келісім-шарт түзіліп, қолданыстағы заң талабына сәйкес жүргізілді.
2024 жылдың жағдайы бойынша заңды тұлғалардан 73 өтініш түскен және жеке тұлғалардан 158 өтініш 2 ұжымдық түскен. Өтініштер Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс» Заңының талаптарына сәйкес қаралып, жауап берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.
Түркістан облысының әкімдігінің ресми интернет-ресурсында Басқармаға қатысты негізгі ақпараттар мемлекеттік тілде және орыс тілінде енгізіліп, қажет жағдайда жаңартылып отыр.
Басқарма басшысы төрағалығымен әр аптаның дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа күрес бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін ұстану және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықтық бұзушылықтар мен олар туралы жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу жұмыстарын аса назарға алу тапсырылып, хаттама толтырылады.
Бас жоспар бойынша: Түркістан облысында 807 елді мекен бар.
Халық саны 5000 адамнан асатын – 58 елді мекен. Халық саны 5000 адамға дейінгі – 749 елді мекен.
Қазіргі таңда, 800 елді мекен бас жоспармен қамтылған, орындалу пайызы (99%) құрайды.
2024 жылы, облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілген Түркістан облысы елді мекендерінің бас жоспарларына түзетулер енгізу туралы жол картасына сәйкес 43 елді мекеннің бас жоспарларына түзетулер енгізу жоспарланған.
Оның ішінде, 33 елді мекеннің бас жоспарларына түзетулер енгізу бойынша қаржысы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда (конкурс өткізу, келісім шарт тіркеу, жобалау жұмыстарын жүргізу, қоғамдық талқылау өткізу).
Ал, 10 елді мекен бойынша жұмыстар жүргізу үшін 2025 жылы қаралатын болады (Мақтаарал а. – 3, Сайрам а. – 5, Сарыағаш а. – 2).
2024 жылы, облыс әкімімен бекітілген Түркістан облысы елді мекендерінің бас жоспарларына түзетулер енгізу бойынша индикаторға сәйкес 39 елді мекеннің бас жоспарларына түзетулер енгізу жоспарланып, 2025 жылға өтпелі.
Оның ішінде, 39 елді мекеннің бас жоспарларына түзетулер енгізу бойынша қаржысы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда (конкурс өткізу, келісім шарт тіркеу, жобалау жұмыстарын жүргізу, қоғамдық талқылау өткізу).
Сонымен қатар, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен 2023-2024 жылдары аралығында Түркістан облысы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасының әзірлеу жұмыстарын жүргізу аяқталып, 2025 жылы облыстық мәслихатына бекітуге ұсынылады.
«Мемлекеттік қалақұрылыстық кадастры» бірыңғай ақпараттық жүйесі геопорталына мәліметтерді енгізу бойынша:
Сәулет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінен» (ИИС ЦОН) алынған мәліметке сәйкес, 4588 - сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) беріліп, 4886 - эскиздік жоба келісілген, ал «Е-лицензия» жүйесі арқылы 4473 - СЖТ, 4455 – эскиздік жоба келісілген. Жалпы тапсырма берілгелі бері аудандық, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің ұсынған мәліметіне сәйкес, 7841 - СЖТ, 8196 - эскиздік жоба келісілген.
Ал, МҚҚК ААЖ геопорталына 6599 СЖТ (95%), 6005 сұлба (98%) енгзілді.
Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде орналасқан нысандар бойынша:
Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұсынған мәліметіне сәйкес облыс аумағында 182 су нысаны, оның ішінде 149 өзенге, 31 су қоймаға, 2 табиғи көлге су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылған.
Соңғы жылдары облыс аумағында, әсіресе таулы аймақтарда жауын-шашынның бір айлық мөлшерден көп түсуі себебінен Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Ордабасы және Мақтаарал аудандарында су тасқыны орын алған.
Түркістан облысы бойынша су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін бекіту бойынша әзірленген жобалық техникалық құжаттамаға сәйкес, Төлеби ауданы бойынша 459 нысан, Қазығұрт ауданы бойынша 110 нысан, Сарыағаш ауданы бойынша 33 нысан, Ордабасы ауданы бойынша 42 нысан су қорғау аймақтары мен белдеулерінен шығарылуы тиіс деп белгіленген.
Мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелері сақталмай салынған құрылыс нысандары туралы (Заңсыз құрылыс):
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелері сақталмай салынған құрылыс нысандары бойынша аудандық, қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері, облыстық бақылау жөніндегі басқармасы, облыстық жер инспекциясы департаменті және басқа да құзырлы мемлекеттік мекемелермен бірлесіп тиісті
жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде облыс бойынша 394 заңсыз құрылыс нысандары анықталып, оның ішінде 48 нысан бұзылды, 126 нысан бойынша айыппұл салынды, 47 нысанды сот қарауына ұсынылды.
Басқармада анықталған қосымша тәуекелдер келесідей тәртіпте жүреді:
Ұсыныс:
Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзгеде қала құрылысының жобаларына өзгерістерді бір жақты қарап құрылыс нысандарының меншік иелерінің жеке мүдделері арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
әзірлеу, келісу және бекіту Қағидаларына сәйкес әзірленеді. Жеке мүдде қарастырылмау үшін қоғамдық тыңдаулар – ашық жиналыстар өткізіледі. Тапсырысшы тарапынан көпшілік талқылауларын жүргізу арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері қозғалады. Қоғамның қатысуы арқылы ЕТЖЖ және құрылыс салу жобаларына ұсыныстар енгізіледі.
Бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және елді мекендердің оңайлатылған бас жоспарын «қала құрылыс, жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі жұмыстар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы 3.01-00-2011 мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ұсыныс:
Елді мекендердің бас жоспарларын, қала құрылысы жобаларын әзірлеу және іске асыру жұмыстары кезінде басқарма мен орындаушы мекеме арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша осы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін болатыны анықталып, қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық қолда бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Басқарма басшысы Н.Букебаев
Бөлім басшысы Ж.Қалымбетова
Бөлім басшысы С.Шораева
Бөлім басшысы С.Кенжалин
Бас маман-есепші М.Мырзабекова
Бас маман А.Құрмашова
«Сәулеттік бюро» КММ
директорының м.у.а. А.Муратов