Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»     2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының 2020 жылғы 07 сәуірдегі №1-3/014 бұйрығы негізінде басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.                                                                                   Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмаған.

 

Дата публикации
14 мая 2020