Хаттама ішкі талдау

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында өткізілген ішкі талдау тақырыбында

өткен жиналыстың

ХАТТАМАСЫ

 

Түркістан қаласы                                               08 маусым 2022 жыл

 

 

Жиналыс төрағасы: Басқарма басшысы Н.Букебаев.

Қатысқандар: Басқарма қызметкерлері және басқармаға бағынысты «Сәулеттік бюро» КММ қызметкерлері.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басмқармасы және оған бағынысты «Сәулеттік бюро» КММ-де  өткізілген ішкі талдаудың 2022 жылдың 01 маусымдағы анықтамасын талдау және талдау анықтамасында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделеу, алдын алу жұмыстарын жүргізу атты тақырыпта жиналыс өтті.

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басмқармасы және оған бағынысты «Сәулеттік бюро» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Н.Букебаевтың баяндамасы;

Түркістан облысы сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының 2022 жылғы 14 ақпандағы «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басмқармасы және оған бағынысты «Сәулеттік бюро» КММ-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №1-3/05 бұйрығына сәйкес, басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен басқарманың және оған бағынысты «Сәулеттік бюро» КММ-нің 2022 жылдың өткен мерзіміндегі қызметіне ішкі талдауды нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету бағыты және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелеріне  жеке тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан  4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;
  2. «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру»;
  3. «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру»;
  4. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру ».

Осыған байланысты, басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелінің анықталуына байланысты топ жетекшісі басқарма бөлімдерінің басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында бөлім қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты заң нормаларына енген өзгерістермен толықтыруларға түсіндірме жұмыстарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңы алдында жауапкершілігін түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп тұру керектігін айтты.

Төрағалық етуші басқарма басшысы Н.Букебаев басқарманың бөлім басшыларымен мамандарына Заңнама нормаларын қатаң сақтауға тапсырма берді.

Күн тәртібіндегі баяндаманы тыңдап,  шешім қабылданды:

 

  1. Топ жетекшісі Н.Букебаевтың баяндамасы назарға алынсын.
  2. Бөлім басшыларына заң талаптарына сәйкес, бөлім қызметкерлеріне тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                      Н.Букебаев

 

Жиналыс хатшысы                                                      А.Құрмашова       

Протокол
Дата публикации
09 июня 2022