2022 жылдың 01 мамыр мен 01 маусым аралығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша анықтама
Түркістан қаласы 01.06.2022 ж.
1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын басқарманың, бөлімшенің атауы:
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы
01.05.2022 ж. басталды 01.06.2022 ж. аяқталды.
Осы талдамалық анықтамаға қол қоюшы жұмысшы топпен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының 2022 жылғы 14 ақпандағы №1-3/05 бұйрығы негізінде басқарма және оған бағынысты «Сәулеттік бюро» КММ-сі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:
Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмаған.
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында мемлекеттік қызметшілердің штат саны 13 бірлікті құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны қазіргі таңда, 12 қызметшіні құрайды.
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында 12 қызметшінің 12 жоғары білімді.
Жоғары мамандығы біреуден көп қызметшілер саны 2 құрайды.
Басқармада біліктілігін арттыру бойынша 2022 жылдың 1 маусым жағдайында 2 қызметкер жоспарланып, 2 қызметкер де біліктілігін арттыру оқуынан өтті (Ежебеков Марат Қайратұлы, Тлеукиева Гульмира Ермаханқызы).
Басқармада ішкі талдау мерзімінде бір қызметші тағылымдамадан өту жоспарланып, тағылымдамадан сәтті өтті (Ежебеков Марат Қайратұлы).
Мемлекеттік органда үш жылдан жоғары қызмет атқарған қызметшілер саны 10 құрайды.
Нақты қызметшілердің 6 ер, 6 әйел.
Бос орындар саны-1 бірлік.
Зейнеткерлік жасқа дейінгі қызметшілер саны-0.
Басқармада 2022 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша жеке құрам мемлекеттік қызметкерлер бойынша 26 бұйрық, штаттан тыс қызметкерлер бойынша 10, негізгі құрам бойынша 14 бұйрық қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.
Басқармада жұмысқа қабылдау, іріктеу конкурсы Түркістан облысы аппаратымен өткізіледі.
2022 жылдың жылдың 1 маусым жағдайы бойынша мемлекеттік қызметшілердің (таза аусымдылық бойынша) мемлекеттік қызмет жүйесінен кету фактісі орын алмаған.
Азаматтардың арыз-шағымдарына арналған арнайы жәшік мәтіні заңнамада белгіленген тәртіпте басқарманың баршаға көрінетін жеріне орналастырылған.
2022 жылдың 1 маусым ішкі конкурс және жалпы конкурс бойынша жұмысқа тағайындалған қызметкерлер жалпы саны-3 бірлік.
Ішкі талдау мерзімінде жалпы конкурс нәтижесінде 3 мемлекеттік қызметші тағайындалды яғни Басқарманың бас жоспарды және қала құрылыстық жобалау бойынша қызметтерді үйлестіру бөлімінің бас маманы лауазымына Құрмашова Айгерім Бектемірқызы, қалақұрылыстық кадастырының жұмысын ұйымдастыру және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімінің бас маманы лауазымына Кенжалин Серікжан және сәулеттік жобаларды дайындау мен мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің жетекші маманы лауазымына Бейсенбек Айбек Айтбекұлы қабылданды. Кадрлық ауысу кезеңінде барлық құжаттар заң талаптарына сәйкес жүргізілген.
2022 жылы 1 маусым жағдайы бойынша сәулеттік жобаларды дайындау мен мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің бас маманы Накипов Арман Балгабайулына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау басқармада орын алмаған.
Сонымен қатар, басқармаға қарасты «Сәулеттік бюро» КММ-нің азаматтық қызметшілерінің штат саны – 26 бірлікті құрайды. Нақты саны қазіргі таңда 21 қызметшіні құрайды.
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік бюро» КММ-де 21 қызметшінің 20 жоғары білімді, 1 орта білімді.
Нақты қызметшілердің 15 ер, 6 әйел.
Бос орындар саны – 5 бірлік.
Мекемеде 2022 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша жеке құрам бойынша – 35 бұйрық, негізгі құрам бойынша - 6 бұйрық қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.
Азаматтық қызметшілерді жұмысқа қабылдау, іріктеу «Enbek.kz» биржасы арқылы рәсімделеді.
Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі талаптарымен және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулермен таныстырылған. Шектеулердің сақталуы үнемі бақылауда.
Басқарма қызметіне зиян келтіру мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмаған.
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
2022 жылдың 1 маусымы жағдайы бойынша Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына "Ғибадат үйлерін салу және олардың орналасатын жерлерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызметі бойынша 5 өтініш келіп түскен.
1 өтініш толығымен қанағаттандырылған. Ол:
4 өтініш қабылданып, бүгіңгі таңда облыс әкімдігінің қаулы жобалары әзірлену жұмыстары жүргізілуде. Олар:
Басқа мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштер түспеген.
Бақылау функциялары кірмейді.
2022 жылы Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына 001 аппаратты күтіп ұстау бағдарламасы бойынша 118915,0 мың теңге жоспарланған және 113 нысаналы трансферттер бағдарламасы бойынша 141987,0 мың теңге жоспарланған. Басқармада қызметкерлерді ақшалай сый ақы беру тәртібі қызметкерлер арасында наразылық тудырмай бөлініп берілген. Сонымен қатар, қызметкерлердің денсаулығына, отбасылық жағдайына байланысты жеке өтініштері бойынша материалдық көмек көрсетілгені орын алмаған.
2022 жылы мемлекеттік сатып алу жоспары 9067,6 мың теңгеге бекітіліп, басқарманың ресми сайтына, ашық бюджеттер порталына енгізіліп, 28.12.2021ж. мемлекеттік сатып алу веб-порталына жүктелген.
2022 жылдары салықтар мен өзге де төлемдер мерзімінде төленгені анықталды.
2022 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 15 келісім-шарт, түзіліп, қолданыстағы заң талабына сәйкес жүргізілді.
Сонымен қатар, 2022 жылы Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік бюро» КММ-нің 001 аппаратты күтіп ұстау бағдарламасы бойынша 65909,0 мың теңге жоспарланған. «Сәулеттік бюро» КММ-де қызметкерлерді ақшалай сый ақы беру тәртібі қызметкерлер арасында наразылық тудырмай бөлініп берілген. 2022 жылы мемлекеттік сатып алу жоспары 12387,1 мың теңгеге бекітіліп, 28.12.2021ж. мемлекеттік сатып алу веб-порталына жүктелген.
2022 жылдары салықтар мен өзге де төлемдер мерзімінде төленгені анықталды.
2022 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 8 келісім-шарт, түзіліп, қолданыстағы заң талабына сәйкес жүргізілді.
2022 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша басқармаға заңды тұлғалардан өтініш 4 өтініш түскен және жеке тұлғалардан 18 өтініш түскен. Өтініштер Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс» Заңының талаптарына сәйкес қаралып, жауап берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.
Түркістан облысының әкімдігінің ресми интернет-ресурсында Басқармаға қатысты негізгі ақпараттар мемлекеттік және орыс тілінде енгізіліп, қажет жағдайда жаңартылып отыр.
Басқарма басшысы төрағалығымен әр аптаның дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа күрес бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізігі принциптерін ұстану және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықтық бұзушылықтар мен олар туралы жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу жұмыстарын аса назарға алу тапсырылып, хаттама толтырылады.
Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2022 жылдарға араналған жоспар бекітілген.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В.Склярдың 2021 жылдың 16 қарашасындағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілгі “Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын дамытудың 2022 - 2024 жылдарға арналған жол картасы” құжатын дайындап, бекітті. Жол картасында инженерлік коммуникацияларды цифрлау (елді мекендердің құрылыс салынған аумағының жерүсті және жер асты коммуникацияларын түгендеу (аудан орталықтары деңгейіне дейін) жұмыстары жоспарланған.
Басқарма, қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, келесі жұмыстарды атқарды:
2022 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңестің хаттамалық тапсырмасында 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Инженерлік желілер туралы деректерді толық цифрландыруды қамтамасыз ету» тапсырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсынылады:
Басқарма басшысы Н.Букебаев
Бөлім басшысы Ж.Қалымбетова
Бөлім басшысы С.Шораева
Бөлім басшысы С.Джаппарқұлов
Бас маман-есепші М.Мырзабекова
«Сәулеттік бюро» КММ-нің директоры
орынбасары Н.Мусаев