Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының
2026 жылғы «___» сәуірдегі
№________ бұйрығына
1-қосымша
Лауазымдық нұсқаулық
Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы
қалақұрылыстық кадастырының жұмысын ұйымдастыру
және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімі басшысының
1.1. Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) бөлім басшысы (бұдан әрі-Бөлім басшысы) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес лауазымына тағайындалады және босатылады.
1.2. Бөлім басшысы өзінің қызметі мен өкілеттіліктерін нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, Түркістан облысы әкімдігінің қаулылары, Түркістан облысы әкімінің шешімдері, өкімдері, Басқарма туралы ереже, Басқарманың бұйрықтары, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы лауазымдық нұсқаулық негізінде жүзеге асырады.
1.3. Бөлім басшысы – басқарма басшысынан жұмыс бабында тапсырма, бұйрықтар алады және бағынады.
1.4. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде (еңбек демалысы, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздығы және басқа да негіздері) оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, осы бөлімнің бас мамандарының бірі уақытша атқарады.
1.5. Бөлім басшысына бағынатын лауазымдар: 3 бас маман.
және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімі
басшысының құқықтары
2.1. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде бөлім басшысы:
1) Аталмыш лауазымдық нұсқаулықтар қарастырылған міндеттерге байланысты жұмыстарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарында азаматтарға көзделген құқықтар мен еркіндіктерді пайдалануға;
3) Функционалдық міндеттерді атқаруға байланысты қажетті ақпараттарды облыс, қала және аудан әкімдері аппараттарынан және басқармаға бағынысты мекемелерден сұратып алуға;
4) Өз құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланыс жасауға;
5) Жеке басын құрметтетуге, басшылардан және өзге лауазымды тұлғалар мен азаматтар тарапынан әділ де сыйластық қарым-қатынастың болуына;
6) Әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
7) Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етілуге;
8) Еңбек, денсаулық жағдайын қорғауға қауіпсіз және жоғарғы еңбек өнімділігіне қажетті еңбек шарты болуына.
және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімі
басшысының міндеттері
3.1. Бөлім басшысының міндеттеріне:
1) Бөлімнің қызметіне жалпы басшылық жасайды;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен ҚР Үкіметінің Қаулылары, облыс әкімдігінің қаулылары мен облыс әкімінің шешімдері және өкімдері, басқарма басшысының бұйрықтары, бөлімге айтылған сын ескертпелер мен ұсыныстардың орындалуын ұйымдастырады;
3) Бөлімнің жұмысын басқарады, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі, олардың тиісті дәрежеде орындалуымен еңбек тәртібі сақталуын қамтамасыз етеді;
4) Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарманың жылдық, тоқсандық жоспарын әзірлейді және орындалуын бақылайды;
5) Мемлекеттік қалақұрылысы кадастырының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және мәліметтер беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
6) Қалақұрылысы кадастрының дерекқорына ақпараттар мен мәліметтерді беру мәселелері бойынша аудан мен қалалық сәулет бөлімдерімен жұмыстарды үйлестіру;
7) Басқармамен әзірленетін қалақұрылыстық құжаттамалары, елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжей жоспарлау жобаларына өткізілетін мемлекеттік сараптама жұмыстарын мемлекеттік сатып алу порталына енгізуді ұйымдастыру;
8) Қалақұрылысы кадастрына мәліметтерді жинақтау мақсатында аудан мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінен атқарылған жұмыстары бойынша мониторинг жүргізу;
9) Аудан және қалалардың топотүсірілім жұмыстарын, бас жоспарлар мен егжей-тегжей жобалау жұмыстарын әзірлеу бойынша өтінімдерді жинақтап, бюджеттік өтінімдерді ережеге сәйкес рәсімдеу;
10) Облыс бойынша елді мекендердің құрылыс салынған аумақтарына жерасты және жерүсті инженерлік жүйелерді түгендеу бойынша шығындар сметасы әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру;
11) Басқармадағы жалпы құжат айналымының электрондық құжат айналымы Ережесіне сәйкес жүргізуілуін үйлестіру және бақылау;
12) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың хаттарын белгіленген тәртіппен қаралып, орындалуын ұйымдастыру;
13) Аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне нақты және әдістемелік көмек көрсету;
14) Басқармаға тиісінше сала бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз, өтініштерін заң талабына сәйкес қарау;
15) Басқармадағы компьютерлерді қажетті бөлшектермен қамтамасыз ету үшін бөлімдерден ұсыныс жинап, қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізу;
16) Бюджетті құрастыруда апаратты ұстау бойынша ұсыныстарды жасау және есептерді әзірлеу;
17) Басқарманың қажеттілігіне қарай бюджеттік өтінімдерді әзірлеу;
18) Басқармада еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру;
19) Басқарманың кадр мониторингі жеке кадрлық іс жүргізу жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру;
20) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың жұмыстары мен құқықтық білім сабақтарын ұйымдастыру;
21) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуына қамтамасыз ету;
22) Лауазымға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті арнайы білімдер: мемлекеттік тілді білу және компьютерде істей білу лазым.
және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімі
басшысының жауаптылығы
4.1. Бөлім басшысы:
1) функционалдық міндеттерді бұлжытпай орындауға.
2) өз іс-әрекетіңіздің заңдылығына.
3) лауазымдық міндеттерді сапалы және уақытылы орындауға.
4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн тәртiптiк жазалар қолданылуы мүмкін.
5) Қызметтік нұсқаулықты бұлжытпай орындауға жауапты.
6) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет актілерінің және облыс шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының дер кезінде және толық орындалуын бақылайды.
7) Әдеп Кодексінің нормаларын бұзбауға, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер мен заңнамалардың талаптарын орындауға.
Нұсқаулықпен таныстым және көшірмесін алдым:
Қалымбетова Жанна Әшімқызы ___________ «___»____ 2026 жыл
(қолы, күні)