Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының
2026 жылғы «___» сәуірдегі
№_______бұйрығына
9-қосымша
Лауазымдық нұсқаулық
Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы
бас жоспарды және қала құрылыстық жобалау бойынша қызметтерді үйлестіру
бөлімі басшысының
1.1. Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) бөлім басшысы (бұдан әрі-Бөлім басшысы) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес лауазымына тағайындалады және босатылады.
1.2. Бөлім басшысы өзінің қызметі мен өкілеттіліктерін нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, Түркістан облысы әкімдігінің қаулылары, Түркістан облысы әкімінің шешімдері, өкімдері, Басқарма туралы ереже, Басқарманың бұйрықтары, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы лауазымдық нұсқаулық негізінде жүзеге асырады.
1.3. Бөлім басшысы – басқарма басшысынан жұмыс бабында тапсырма, бұйрықтар алады және бағынады.
1.4. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде (еңбек демалысы, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздығы және басқа да негіздері) оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, осы бөлімнің бас мамандарының бірі уақытша атқарады;
1.5. Басқарма басшысы уақытша болмаған кезінде (еңбек демалысы, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздығы және басқа да негіздері) оның өкілеттіктерін осы бөлімнің басшысы атқарады;
1.6. Бөлім басшысына бағынатын лауазымдар: 2 бас маман.
басшысының құқықтары
2.1. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде бөлім басшысы:
1) Аталмыш лауазымдық нұсқаулықтар қарастырылған міндеттерге байланысты жұмыстарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарында азаматтарға көзделген құқықтар мен еркіндіктерді пайдалануға;
3) Функционалдық міндеттерді атқаруға байланысты қажетті ақпараттарды облыс, қала және аудан әкімдері аппараттарынан және басқармаға бағынысты мекемелерден сұратып алуға;
4) Өз құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланыс жасауға;
5) Жеке басын құрметтетуге, басшылардан және өзге лауазымды тұлғалар мен азаматтар тарапынан әділ де сыйластық қарым-қатынастың болуына;
6) Әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
7) Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етілуге;
8) Еңбек, денсаулық жағдайын қорғауға қауіпсіз және жоғарғы еңбек өнімділігіне қажетті еңбек шарты болуына.
бойынша қызметтерді үйлестіру бөлімінің
басшысының міндеттері
3.1. Бөлім басшысының міндеттеріне:
1) ҚР Президенті мен облыс әкімінің сәулет және қала құрылысы қызмет саласындағы бағдарламалары мен іс-шараларын жүзеге асыру;
2) Аумақтардың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективті міндеттерін шешуге бағытталған құрылыс кешенді дамуының біріңғай стратегиясын, мемлекеттік сәулет, қала құрылысы саясатын қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныс енгізу;
3) Аумақтарда құрылыс салудың, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін сақтау мен күтіп ұстау ережелерін жасау және облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну үшін облыс әкімдігіне ұсыну жұмыстарын үйлестіру;
4) Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлауды ұйымдастыру;
5) Елді мекендер мен аумақтардағы қала құрылысы мәселелерін реттейтін нормалармен ережелерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысу;
6) Аумақтар мен елді мекендердің кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуының ағымды және перспективті мәселелерін шешуге, өмірлік қызмет ортасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысу;
7) Елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжей жобалау жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қадағалау, мониторинг жүргізу;
8) Елді мекендердің дамыту мен құрылыс салу схемаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қадағалау, мониторинг жүргізу;
9) Халқының есептiк саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейiннен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсыну үшiн облыстық мәслихаттың қарауына енгiзу үшін облыс әкімдігіне материалдарды дайындау;
10) Ведомстволық бағынысты, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын әзірлеу және облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
11) Агломерация аумағындағы жер учаскелерінің бөлінуі және нысаналы мақсаттарының өзгеруі жөніндегі ай сайынғы есептерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
12) Өңірлік маңызы бар жобалар және елді мекенлерді дамыту мен оларда құрылыс салу жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасына тапсырыс беру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру;
13) "Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгiсi бар құжаттармен белгіленген тәртіпте жұмыс жүргізуді, олардың есепке алу, олардың қолданылуы мен сақталынуын қамтамасыз етілуін қадағалау;
14) Қызмет атқару барысында өзіне белгілі болған мемлекеттік, коммерциялық және қызметтік құпиялар қатарына жататын мәліметтермен жұмыс жүргізу және оны жария етпеу;
15) Басқарманың мұрағатын жасау және жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;
16) Мұрағатқа орындалған құжаттарды, картографиялық материалдарды (бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, топографиялық түсiрулер) қабылдау, оларды есепке алуды және сақтау жұмыстарын ұйымдастыру және электронды мұрағат жұмыстарын жүргізу;
17) Құжаттардың және графикалық материалдардың пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;
18) Басқармаға сала бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз, өтініштерін заң талабына сәйкес қарау;
19) Жоғары органдардан, облыс әкімі және оның орынбасарларының, басқарма басшысының берген тапсырмаларының бөлімге қатысты тармақтарының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;
20) Бөлімнің жұмыстары мен тапсырмаларының мерзімінде орындалуын бақылау;
21) Аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне нақты және әдістемелік көмек көрсету және жұмысын үйлестіру;
22) Басқарма басшысының баяндамалары мен есептеріне бөлім тарапынан қажетті мәліметті тапсыру;
23) Бөлімге қатысты жылдық және тоқсандық есептерді дайындау, келісім-шарттар жасау және қала құрылыстық ақпараттарды мәліметтер базасына жинау, өндеу мен енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
24) Өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
25) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуына қамтамасыз ету;
26) Лауазымға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті арнайы білімдер: мемлекеттік тілді білу және компьютерде істей білу лазым.
4.1. Бөлім басшысы:
1) функционалдық міндеттерді бұлжытпай орындауға.
2) Өз іс-әрекетіңіздің заңдылығына.
3) Лауазымдық міндеттерді сапалы және уақытылы орындауға.
4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн тәртiптiк жазалар қолданылуы мүмкін.
5) Қызметтік нұсқаулықты бұлжытпай орындауға жауапты.
6) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет актілерінің және облыс шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының дер кезінде және толық орындалуын бақылайды.
7) Әдеп Кодексінің нормаларын бұзбауға, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер мен заңнамалардың талаптарын орындауға.
Нұсқаулықпен таныстым және көшірмесін алдым:
Шораева Сания Асқарқызы ___________ «___»____ 2026 жыл
(қолы, күні)