GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
22 октября 2026
ҚАБЛАНБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлының Қабланбек ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 5 қараша сағат 12:00-де Жонарық елді мекеніндегі мәдениет үйі ғимаратында сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауы кездесуден кейін өтетінін хабарлаймыз.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72537) 7-97-13, 87003779713 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 4 қарашаға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.

Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлының Қызылжар ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 5 қараша сағат 10:00-де Қызылжар елді мекеніндегі мәдениет үйі ғимаратында сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауы кездесуден кейін өтетінін хабарлаймыз.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72537) 7-97-13, 87003779713 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 4 қарашаға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.

Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлының Жібек жолы ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 4 қараша сағат 12:00-де Дихан баба елді мекеніндегі мәдениет үйі ғимаратында сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауы кездесуден кейін өтетінін хабарлаймыз.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72537) 7-97-13, 87003779713 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 3 қарашаға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.

Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
ЖЕМІСТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлының Жемісті ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 4 қараша сағат 10:00-де Жемісті елді мекеніндегі мәдениет үйі ғимаратында сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауы кездесуден кейін өтетінін хабарлаймыз.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72537) 7-97-13, 87003779713 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 3қарашаға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.

Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
ДЕРБІСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлының Дербісек ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 3 қараша сағат 12:00-де Дербісек елді мекеніндегі №79 Жайлы мектеп ғимаратында сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауы кездесуден кейін өтетінін хабарлаймыз.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72537) 7-97-13, 87003779713 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 2 қарашаға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.

Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 111,1 МЛН ДОЛЛАРЛЫҚ ЕТ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ


Түркістан облысы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтіп, агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған ірі жобаны жүзеге асыруға кіріседі.

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында Түркістан облысының әкімдігі мен «Nurym Group» компаниялар тобы арасында ет кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен «Nurym Group» компаниялар тобының құрылтайшысы Сырым Ертаев қол қойды. Жобаның жоспарланған инвестиция көлемі 111,1 млн АҚШ долларын құрайды.

Жоба өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға тың серпін беруге бағытталған. Ет кластерін құру ауыл шаруашылығының өндірістік әлеуетін арттыруға, саланың инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және өңір экономикасын дамытуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық форум аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бірқатар ірі инвесторлармен де келіссөздер жүргізеді. Кездесулерде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері, жаңа жобаларды іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту мәселелері қарастырылады.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, жаңа өндірістерді орналастыру және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Ірі инвесторлармен байланыс орнату өңірдің экономикалық әлеуетін іске асыруға және жаңа инвестициялық бастамаларды пысықтауға жол ашады.

Айта кетейік, қол қойылған меморандум тараптардың ынтымақтастық ниетін бекітеді. Жобаны қаржыландыру мен іске асырудың нақты шарттары жеке келісімдер арқылы айқындалады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
АҚЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлының Ақжар ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 3 қараша сағат 10:00-де Ақжар елді мекеніндегі мәдениет үйі ғимаратында сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауы кездесуден кейін өтетінін хабарлаймыз.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72537) 7-97-13, 87003779713 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 2 қарашаға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.

Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік және пайдаланудағы жерді құжаттандыру мәселелерін ортаға салып, өтініш-тілектерін жеткізді.
Аудан әкімі әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеп, олардың заң аясында шешілуіне ықпал ететін нақты тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
22 октября 2026
ОБЛЫС ӘКІМІ САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ
 
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда азаматтардың өтініштері тыңдалып, бірқатар мәселе бойынша нақты шешімдер қабылданды.
 
Жеке қабылдауға келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, тұрғын үй, әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өтініштерін айтты.
 
Облыс әкімі әрбір азаматтың мәселесіне мұқият назар аударып, жауапты басқармалар мен сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар өтініштерді заң аясында қарап, олардың орындалуын бақылауға алды.
 
Қабылдау барысында кейбір мәселелер сол мезетте шешімін тапты. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.
Нұралхан Оралбайұлы тұрғындар көтерген әрбір мәселе назарда болуы тиіс екенін айтып, түйіткілдер заң аясында шешімін табатынын жеткізді.
 
Жалпы, жеке қабылдауға 40-тан астам азамат келіп, кездесу мен жеке қабылдау 5,5 сағатқа созылды. Барлық тұрғынның өтініші тыңдалып, қабылдау қас қарайғанша созылды.
 
Тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету, көтерілген мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету және азаматтармен ашық диалог орнату – облыс басшылығының басты назарындағы бағыттардың бірі.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
22 октября 2026
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
 
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында өңірдің даму мүмкіндіктері мен алдағы міндеттер айтылды. Жиын ашық диалог форматында жалғасып, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
 
Нұралхан Көшеров, ең алдымен, Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады.
 
– Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, облыс әкімдеріне барлық аудандардың тұрғындарымен кездесіп, мәселелерді ашық диалог алаңында шешу тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, бүгін елімізде жылыжай шаруашылығы дамыған, емдік шипажайларымен ерекшеленетін саялы Сарыағаш өңірінің тұрғындарымен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өсім байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2026 жылдың 9 айында 379,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 144 пайызға артты. Өнеркәсіп өнім көлемі 27,5 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 111,1 пайызға артты. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 16,2 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 111,3 пайызға өсті. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 49,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 86,9 пайызды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй 49,4 мың шаршы метрді құрап, нақты көлем индексі 103,1 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 122,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,7 пайызға артты. Былтыр өздеріңізбен кездесуде көтеріліп, өзекті мәселе болып келген «Самал-3» шағынауданын ауыз сумен қамту жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ Дарбаза ауылдық округіндегі Құрысай, Тасқұдық және Сарысу елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз етеміз. Нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша ауданда ауыз сумен қамту деңгейі 100 пайызға, табиғи газбен қамту деңгейі 92 пайызға жеткізіледі. Сарыағаш қаласындағы А-15 автомобиль жолының бойын жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Аудан аумағында жыл соңына дейін 18 елді мекенде 31 балалар ойын және спорт алаңшалары ел игілігіне беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Сарыағаш қаласы маңындағы көлік қозғалысы тығыздығын азайту мақсатында ұзындығы 102 шақырымды құрайтын Сарыағаш айналма жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанды 2029 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Бұл жетістіктер – ең алдымен, аудан тұрғындарының бірлігі мен ынтымағының, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылуының нақты нәтижесі. Бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар өзекті мәселелер шешімін табуда. Біздің басты мақсатымыз – облыстың барлық аудан, қалаларының экономикалық өсімін қамтамасыз ету, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру. Баршаңызды осы жолда бірлесіп, аянбай еңбек етуге шақырамын, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
 
Облыс әкімі Сарыағаш ауданыныі ауыл шаруашылығы, сауда, туризм және кәсіпкерлік салаларында әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, аудан әкіміне алдағы уақытта тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, жұмыс орындарын көбейту және ауданның даму көрсеткіштерін жақсарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
 
Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында аудан аумағында бірқатар маңызды жобалар іске асырылып, ел игілігіне табысталуда. Атап айтқанда, өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Дербісек және Дарбаза елді мекендерінде 1,1 млрд теңгеге 32 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
 
«Келешек мектептері» жобасы аясында Сарыағаш қаласында, Жаскешу және Дербісек елді мекендерінде 900 орындық мектептер пайдалануға берілді. Сарыағаш қаласында 600 орындық оқушылар сарайының құрылысына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, келесі жылдың І жартыжылдығында ел игілігіне тапсыру жоспарлануда.
 
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында 9 елді мекен ауыз сумен, 8 елді мекен табиғи газбен, 8 елді мекен сапалы электр энергиясымен қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасуда. Атап айтқанда, осы жылдың басында «Келешек мектептері» жобасы аясында Сарыағаш қаласында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Мәдениет, Шеңгелді елді мекендерінде кітапханасы бар 75 орындық мәдениет үйлері ел игілігіне тапсырылды. Бүгін Жонарық елді мекенінде 200 орындық мәдениет үйі ашылды.
 
Кездесу барысында Нұралхан Оралбайұлы тұрғындарды тазалық және көгалдандыру жұмыстарына атсалысуға шақырды.
 
– Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы нәтижелі іске асырылуда. Алайда, әлі күнге дейін қоғамдық орындарда аудан тұрғындары тарапынан қоқыстарды тастау фактілері жиі орын алып отыр. «Тазалық – жиналған жерде емес, сақталған жерде» деген қағиданы ұстанып, әрқайсыңызды өз аулаңыз бен көшелеріңізді таза ұстап, көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамын, – деді ол.
 
Облыста тұрғындарды, кәсіпкерлік нысандарын, іргелес аумақтарын абаттандыруға ынталандыру мақсатында 2024 жылдан бастап «Үлгілі ауыл» облыстық конкурсы ұйымдастырылып келеді. Аталған облыстық конкурста соңғы екі жылда Сарыағаш ауданынан Мәдениет және Қызылжар ауылдары жүлдегерлер қатарынан табылды. Нәтижесінде, кезектен тыс бюджет қаражаты есебінен 2024 жылы 2-орын иеленген Мәдениет ауылына спорт алаңшасы пайдалануға берілсе, 2025 жылы 1-орын иеленген Қызылжар ауылында спорт кешенінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, ел игілігіне табысталады. Осындай әлеуметтік нысандар облыстағы басқа да үздік болған ауылдарда салынып жатыр. Биыл да осы бастама жалғасады.
 
Былтыр облыс әкімінің халықпен кездесуінде көтерілген өзекті мәселелер бақылауға алынып, оларды шешу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Өткен жылғы кездесуде тұрғындар тарапынан 42 мәселе көтеріліп, оның 38 орындалды, 2 орындалу үстінде. Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі Арман Абдуллаев жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тоқталды.
 
Жиын баяндамадан кейін сұрақ-жауап форматында жалғасты. Тұрғындар облыс әкіміне өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Облыс әкімі мен жауапты сала басшылары көтерілген мәселелерге қатысты түсініктеме беріп, оларды шешу жолдарын қарастырды.
 
Кездесу соңында Нұралхан Көшеров аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері тыңдалып, әрбір мәселе бойынша тиісті жауаптар берілді.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Социальные сети
facebook
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы