
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Самал-3 шағын ауданына арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттары, Сарыағаш қаласы әкім аппаратының қызметкерлері, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Оңтүстікауызсу» филиалы «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімшесінің басшысы Б.Қалдыбаевтар қатысты.
Жиын барысында ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Көшпелі кездесу барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, ауыз су мәселесін оңтайлы шешу мақсатында арнайы жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын және сараптаманың қорытындысын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жетікізіп, аталған жұмыстар өзінің жіті бақылауында екенін атап өтті.
Сонымен қатар, электр жарығы бойынша аудан басшысы Самал-2 мөлтек ауданы, Мойынқұм көшесіне тартылған сот шешіміне сәйкес иесіз болып танылған 1200 метрлік электр желілерін ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміне өткізу процедураларын шұғыл жүргізіп, бағаналар мен желілерді жаңарту жұмыстарына жоба әзірлеуге тиісті құжаттарды әзірлеу жөнінде тапсырмалар берді.
Аталған жұмыстардың мерзімі мен сапасына мән беріп, шұғыл жұмыстарды жүргізуді және жүйелі түрде қадағалауды салаға жауапты орынбасары М.Байгабуловқа жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі