Аудан аумағында ауылшаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылы 71,1 мың га егістік жер игеріліп, аталған жерлерден жалпы 559,3 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жиналды.
Жыл басынан бері жаңадан 35,3 га жылыжайлар салынып, осы жылыжайлардан екі айналымда 98,7 мың тн өнім жиналып, еліміз бен көрші шет мемлекеттерге саудаланды. Ауданымыздың еңбекқор шаруалары жылыжайларда өндірілетін өнім көлемін әртараптандыру мақсатында лимон, құлпынай, баялды (баклажан), кабачок, гүл өсіруді қолға алды.
Сонымен қатар, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынғалы шаруалардың өнімі ұлғайып, бүгінгі күнге жалпы 92,0 мың тонна өнім жинап алынды.
Шаруаларымыздың еңбегінің нәтижесінде жыл басынан бері 122,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,8% - ға жетті.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы саласына 5,9 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 151,9%- ға орындалды.
Ағымдағы жылы аудан аумағындағы мал мен құс саны 1067198 басты құрады. Атап айтсақ, ет – 13690,9 тн, сүт – 51310,7 тн және 97,6 млн дана жұмыртқа өндіріліп, еліміздің азық – түлік қауіпсіздігіне үлес қосып отыр. Ауданда мал шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан шаруалары Астана, Алматы, Түркістан қалаларында өткен ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне 17 рет қатысып, 257 тн жуық ауылшаруашылығы өнімдерін нарықтық бағадан 10 – 15 % төмен бағада саудаланды.
Жыл басынан қара күзге дейін еңбектенген шаруалардың еңбектері өз нәтижесін беріп, осындай көрсеткіштермен бағалануда. Ауданымыздың 10 айындағы көрсеткіштерінің орындалуы да осы шаруалардың арқасы.