Сарыағаш қаласы аумағында Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы және Сарыағаш қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза әлем» экологиялық жобасы аясында «Тазалық басты міндет» атты сенбілік өтті.
Шараның мақсаты - жалпы қоғам арасында экосананы, экобелсенділікті арттыру, жан-жақты жұмысқа баулу, қоршаған ортаға жауапты қарау қажеттілігін қалыптастыру. Сондай-ақ ауданымыздың орталығын таза ұстау және жастарды қоршаған ортаны құрметтеуге шақыру.