Сарыағаш аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ететін учаскелік рефендум комиссияларының мүшелеріне оқу-семинары өтті.
Оқу-семинардың күн тәртібінде:
- Учаскелік референдум комиссияларының жұмысын жоспарлап, ұйымдастыру.
- Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі.
- Дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау.
- Референдум күні дауыс беруді ұйымдастыру.
- Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін анықтау кезіндегі УРК іс-қимыл тәртібі.