АҚПАРАТ
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 02 ақпаны мен 04 ақпаны аралығында бекітілген жоспарға сәйкес 13 іс-шаралар өткізді:
- Ағымдағы жылғы 02-04 ақпаны күндері Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандығы колледждердің студенттерімен және жалпы орта білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын насихаттауға арналған кездесулер, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, викториналық ойындар, өткізілді. Жалпы 469 студенттер мен оқушылар қамтылды.
- 02 ақпан күні Жас сайлаушылар клубы мүшелерімен «Қабланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде» Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Әділ және ашық сайлау қағидаттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынға 35 студент қатысты.
- 02 ақпан күні аудандағы сайлау комиссияларында сайлау жүйесінің ардагерлерімен кездесу. Кездесуге жиналған комиссия мүшелері бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ашықтық» бағыты бойынша ой-пікірлерімен алмасты. Кездесу соңында сайлау жүйесінің ардагерлеріне Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Балабаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.
- 03 ақпан күні Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Дүниежүзілік сайлау күніне» орай бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі А.Амирханов ауданның кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі қызметкерлеріне «Әділ сайлау қағидаттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
- 04 ақпан күні "АМАNАТ" партиясы Сарыағаш аудандық филиалының мәжіліс залында «Сайлау процесіндегі инклюзивтілік: барлық азаматтар үшін тең мүмкіндік», партиялармен, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен, этномәдини бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында сайлау процесінде инклюзивтілікті қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асырудағы қолжетімділік мәселелері, тең мүмкіндіктерді кеңейту жолдары талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелер мен оларды шешу бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
- 04 ақпан күні Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Дүниежүзілік сайлау күніне» орай бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі О.Жанысбек сайлау процесіндегі инклюзивтілікті қамтамасыз ету бағыты бойынша Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.