АҚПАРАТ
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 26 қаңтары мен 30 қаңтары аралығында бекітілген жоспарға сәйкес 67 іс-шаралар өткізді:
- Ағымдағы жылғы 26-30 қаңтар Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандығы колледждердің студенттерімен және жалпы орта білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын насихаттауға арналған кездесулер, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, викториналық ойындар, өткізілді. Жалпы 1697 студенттер мен оқушылар қамтылды.
- Осы жылдың 26 қаңтар күні «Сайлауды ұйымдастырудағы заң үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында сайлау учаскелері мүшелері қатысуымен Тегісшіл ауылдық округі мәдениет үйінде №654, 671,673, 674, 675 учаскелік сайлау комиссияларына пікір сайыс өткізілді. 40 комиссия мүшелері қамтылды.
- 27 қаңтар күні Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты Толыбай Батыр атындағы №66 жалпы білім беретін мектебінің АКТ залында аудандағы барлық учаскелік салау комиссия мүшелерімен «Сайлау комиссиялары қызметіндегі заңдылық және заң үстемдігі» тақырыбында оқу-семинары өткізілді. Оқу-семинарға 300-ден астам учаскелік комиссия мүшелері қатысты.
- 28 қаңтар күні Сарыағаш ауданындағы Достық үйінде «Сайлауды ұйымдастырудағы тәуелсіздік пен бейтараптық» тақырыбында округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің белсенді жастарымен кездесу өтті. Қамтылған саны 34 азамат.
- 30 қаңтар күні Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында аудандағы 40-қа жуық колледждер студенттерімен кездесу өткізіліп, викторина ұйымдастырылды.