2025 жылғы 13 шілдеде Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 4265 азамат енгізілді, олардың 2825 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Кабылбек Ө. Р. – 158; Қалдыбек Б. Б. – 160; Рахимбердиев А. А. – 2498; «Барлығына қарсы» – 2.
1965 жылы туылған, Қызылжар ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар елді мекенінің тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Рахимбердиев Абдижаппар Абдихаймович Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы