2025 жылғы 13 шілдеде Сарыағаш ауданы Қабланбек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сарыағаш ауданы Қабланбек ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қабланбек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 10558 азамат енгізілді, олардың 5726 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әбдралы А. Б. – 302; Молдаханов Б. М. – 286; Турдалин Н. А. – 4904; «Барлығына қарсы» – 183.
1989 жылы туылған, Сарыағаш ауданы Қабланбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман жер инспекторы, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қабланбек ауылдық округі Қабланбек елді мекенінің тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Турдалин Нурсултан Аширбекович Қабланбек ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы