Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 29 маусымда Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 10569 азамат енгізілді, олардың 5679 дауыс берді.  

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Амирбекова К. Т.–312; Джумаев Д. А.–294; Сейтжапбаров А. А.–4998; «Барлығына қарсы» – 35.

1974 жылы туылған, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округі Дихан баба елді мекенінің тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Сейтжапбаров Аскарбек Алибекович Жібек жолы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
30 июня 2025