«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 29 маусымдағы отырысында Жемісті ауылдық округінің әкімі ретінде:
1989 жылы туылған, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жемісті ауылдық округі Жемісті елді мекенінің тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ, Камбаров Рахымжан Алишевичті тіркеді.