2025 жылғы 29 маусымда Сарыағаш ауданы Жемісті ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сарыағаш ауданы Жемісті ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жемісті ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2583 азамат енгізілді, олардың 1325 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Камбаров Р. А. – 1159; Жуматаев Ш. Р. – 67; Турсукулов Д. У – 71; «Барлығына қарсы» – 18.
1989 жылы туылған, «К. Тасболатова» атындағы зияткерлік білім беру мектебінің директоры, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жемісті ауылдық округі Жемісті елді мекенінің тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Камбаров Рахымжан Алишевич Жемісті ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы