2025 жылғы 20 сәуірде Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Дарбаза ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 3928 азамат енгізілді, олардың 2723 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Доспулов М.А. – 2482; Талипов Н.А. – 194; «Барлығына қарсы» – 24.
1985 жылы туылған, Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Доспулов Мухит Аскерович Дарбаза ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы