2025 жылғы 20 сәуірде Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Әлімтау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 787 азамат енгізілді, олардың 576 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Таменов Б.С – 524; Турлибеков М.Т – 47; «Барлығына қарсы» – 0.
1986 жылы туылған, Әлімтау ауылдық округі әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы жөнінде бас маманы Таменов Берик Серикбаевич Әлімтау ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы