Сарыағаш ауданы Әлімтау және Дарбаза ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Түркістан  облысы

Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Сарыагашская районная территориальная избирательная комиссия  Туркестанской области

 

ҚАУЛЫ

 

     ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

         12.03.2025 жыл                                                              №         2______                                             

           Сарыағаш қаласы                                                                           город Сарыагаш

 

 

 

Сарыағаш ауданы Әлімтау және Дарбаза ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Әлімтау және Дарбаза ауылдық округі әкімідерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Әлімтау және Дарбаза ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың 20 сәуіріне тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 13 наурызынан басталсын.
  3. 2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған Сарыағаш ауданы Әлімтау және Дарбаза ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы Сарыағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпараттар кұралдарында жариялансын.

 

        

Сарыағаш аудандық аумақтық
сайлау комиссияның төрағасы                                  Т. Балабаев

 

Сарыағаш аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                      Ш. Өмірбек

Сарыағаш ауданы Әлімтау және Дарбаза ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
12 марта 2025