Сарыағаш ауданының Әлімтау және Дарбаза ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

 

Түркістан  облысы

Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Сарыагашская районная территориальная избирательная комиссия  Туркестанской области

 

ҚАУЛЫ

 

     ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

           12.03.2025 жыл                                                             №         1______                                             

           Сарыағаш қаласы                                                                           город Сарыагаш

 

 

Сарыағаш ауданының Әлімтау және Дарбаза ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 - бабының 6 тармақшасы, 21- бабының 4 тармағы, 22 бабы негізінде  Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сарыағаш ауданының Әлімтау ауылдық округі әкімін сайлау үшін – Әлімтау ауылдық округі әкімдігінің шекарасында Әлімтау ауылдық сайлау округі құрылсын.
  2. Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылдық округінің әкімін сайлау үшін - Дарбаза ауылдық округі әкімдігінің шекарасында, Дарбаза ауылдық сайлау округі құрылсын.
  3. Әлімтау және Дарбаза ауылдық сайлау округтерінің шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет – беттерінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жариялансын.

 

 

 

Сарыағаш аудандық аумақтық
сайлау комиссияның төрағасы                                 Т. Балабаев

 

Сарыағаш аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                      Ш. Өмірбек

Сарыағаш ауданының Әлімтау және Дарбаза ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы
Дата публикации
12 марта 2025