Сарыағаш ауданының құрылыс бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Сарыағаш ауданының құрылыс бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

Сарыағаш қаласы                                                    «__»______2020 жыл

 

         Сарыағаш ауданы әкімінің 07.09.2020 жылғы №51 «Ауданның құрылыс бөлімі қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешімі негізінде құрылған жұмысшы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ауданның құрылыс бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

         Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 2020 жылдың                  07 қыркүйегіне – 4 бірлікті, келісім шарт негізінде қабылданатын штат бірліктерінің саны – 11 бірлікті құрайды. Бөлімде бос тұрған лауазым жоқ.

         Бөлім басшысының 06.01.2020 жылғы №1 бұйрығымен Акилбаев Асылбек Абдумаликович 2020 жылдың 06 қаңтарынан бастап Бөлімнің жеке еңбек шарты негізінде инспекторы қызметіне жұмысқа қабылданған.

         Алайда, аудан әкімдігінің 10.12.2018 жылғы №534 қаулысының                      24-қосымшасына сәйкес бекітілген штат бірліктерінің атауында «инспектор» штат бірлігі  «іс қағаздарын жүргізу жөніндегі (тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі)» инспекторы деп өзгертілгеніне қарамастан, «инспектор» деп қате жазылған.

         Ең сорақысы, Бөлімде «іс қағаздарын жүргізу жөніндегі (тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі)» инспекторы бола тұра, Бөлімге келіп түскен хаттарды уақытылы тіркеп, шығыс журналын және бұйрықтардың тіркелуін заңға сәйкес жүргізу 24.04.2019 жылғы №1 еңбек шартында Бөлім басшысының хатшысына заңсыз жүктеліп қойылған.

         «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1002 бұйрығына сәйкес Басшының хатшысының функционалдық міндетіне Басшының әкімшілік-өкімдік қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету ғана кіреді.

         Сонымен қатар, Бөлім басшысы бар болғанына қарамастан                 13.03.2020 жылғы №12 еңбек шартына Бөлімнің бас маман заңгері Е.Қосмұратов қол қойған.

          Музафаров Нүркен Тиллабайұлы 2019 жылдың 05 наурызынан бастап Бөлімнің келісім-шарт негізінде статисті қызметіне ауыстырылғанына қарамастан еңбек шарты 2,5 ай өткеннен кейін 21.05.2019 жылы түзілген.

         Бөлімнің жеке еңбек шарты негізінде қызмет атқаратын азаматтық қызметкерлерінің еңбек шарттары мерзімдері белгіленбеген мерзімге дейін жасалынғанымен жыл сайын еңбек шарттары қайта түзіліп отырған. Осылайша, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 30-бабының талаптары өрескел бұзылған.

         Кодекстің 28-бабының 1-тармағының 7) тармақшасының талабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында түзілген еңбек шартында еңбекке ақы төлеу мөлшері көрсетілуі тиіс. 

         Алайда, Бөлім мен келісім-шарт негізінде қызмет атқаратын азаматтық қызметкерлерінің арасында түзілген еңбек шарттарында еңбекке ақы төлеу мөлшері көрсетілмеген.

         Бөлім басшысының 13.03.2020 жылғы №5 бұйрығымен Битемиров Умирзақ Абубакирович 2020 жылдың 13 наурызынан бастап Бөлімнің жеке еңбек шарты негізінде мұрағатшы қызметіне жұмысқа қабылданған.

         Бөлім басшысының 27.03.2020 жылғы №6 бұйрығымен Қарахан Махат Мейрамбекұлы 2020 жылдың 27 наурызынан бастап Бөлімнің жеке еңбек шарты негізінде көлік жүргізушісі қызметіне жұмысқа қабылданған.

         Алайда, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынбаған.

         Яғни, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтер еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жіберілмеген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кезеңінде Бөлім басшысының 24.06.2020 жылғы №11 бұйрығымен Е.Еркін, 04.06.2020 жылғы №10 бұйрығымен Н.Әбілда, 22.05.2020 жылғы №9 бұйрығымен Д.Пернехан, 15.05.2020 жылғы №8 бұйрығымен Ш.Ирназаров, 12.05.2020 жылғы №7 бұйрығымен Ұ.Үсенова, 28.07.2020 жылғы №12 бұйрығымен У.Мережепова қоғамдық ақылы жұмысқа қабылданған.

Алайда, жоғарыда аталған қызметкерлерді қоғамдық жұмысқа қабылдау барысында Кодекс талаптары бұзылып, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында еңбек шарттары түзілмеген.

         «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 54-бабы 1-тармағының талабына сай мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi.  Аталған баптың 2-тармағының талабына сай мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстары оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс. Алайда, Бөлім қызметкеріне жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысын беру Заң талаптарына сәйкес жүргізілмеген.

         Атап айтқанда, Бөлім басшысының 27.04.2020 жылғы №38 бұйрығымен 2020 жылдың 27 сәуірінен бастап, 2020 жылдың 04 мамыр аралығында  Бөлімнің бас маман заңгері Е.Қосмұратовқа жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген. Алайда, еңбек демалысының мерзімі 7 күнтізбелік күнді ғана құрайды.

          Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің 25.09.2018 жылғы №407 қаулысымен Сарыағаш ауданында жүзеге асыру жөнінде 2018-2020 жылдары атқарылуға тиіс аудан әкімдігінің іс-шаралар жоспары (әрі қарай – іс-шара жоспары) Бөлімде бекітілген.

         Іс-шара жоспары негізінен профилактикалық жұмыстардан  (конференция, дөңгелек үстел, семинар кеңес, брифингтер, акция, қоғамдық тыңдау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, мақала жариялау) тұрады.

         Іс-шара жоспарының Бөлімге қатысты бөлігін орындау үшін іс-шаралар жоспары бекітілген.

          2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2019 жылға мәліметтер жинақталған. Іс-шаралардың орындалуын дәлелдейтін құжаттар түгел. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына Бөлім басшысының мақаласы жарияланған. Алайда, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша мәліметтер жинақталмаған.

         Іс-шараға сай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «сенім» телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбаған.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2020 жылға мәліметтер жинақталған. Іс-шаралардың орындалуын дәлелдейтін құжаттары түгел. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына Бөлім басшысының мақаласы жарияланбаған. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөніндегі мәліметтер жинақталмаған.

«Сарыағаш ауданының құрылыс бөлімі» (бұдан әрі – бөлім) мемлекеттік мекемесінің 2019-2020 жылдардағы әкімшілік шаруашылық бұйрықтарының (бұдан әрі – бұйрық) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңінде:

Бөлім басшысының 26.11.2018 жылғы №92 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес Бөлімнің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, Бөлім басшысымен қабылданатын бұйрықтардың заңдарға сәйкестігін қадағалау осы Бөлімнің бас маман зеңгері Е.Қосмұратовтың міндетіне кіреді.

  1. Бөлім басшысының 14.11.2019 жылғы №78 бұйрығымен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бас-маман заңгер Е.Қосмуратов 12.11.2019 жылы жолданған.

Яғни, 2019 жылдың 12 қарашасы күні өтетін сот отырысына                               14 қарашасымен екі күн өткен соң бұйрық шыққан.

Дәл осындай мағынада:

Бөлім басшысының 14.11.2019 жылғы №77 бұйрығымен Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне бас-маман заңгер Е.Қосмуратов 06.11.2019 жылы жолданған.

Яғни, 2019 жылдың 06 қарашасы күні баруы тиіс болған іссапарға                               14 қарашасымен сегіз күн өткен соң бұйрық шыққан.

  1. Бөлім басшысының 08.10.2019 жылғы №65 бұйрығымен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына статист С.Сапар-Берік 2019 жылдың қыркүйек айының 08-09 күндері (2 күндік мерзімге) іссапарға жолданған.

Кемшілік: Яғни 1 күнге іссапарға баруы тиіс бола тұра ешқандай негіздемесіз 2 күнге іссапарға жолданған.

Дәл осындай мағынада:

- Бөлім басшысының 08.10.2019 жылғы №66 бұйрығымен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Е.Қосмуратов 2019 жылдың қыркүйек айының 08-09 күндері (2 күндік мерзімге) іссапарға жолданған;

- Бөлім басшысының 14.11.2019 жылғы №76 бұйрығымен Түркістан облысының құрылыс басқармасына статист Ж.Азиров 2019 жылдың қараша айының 14-15 күндері (2 күндік мерзімге) іссапарға жолданған;

- Бөлім басшысының 17.02.2020 жылғы №12 бұйрығымен Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бас-маман заңгер Е.Қосмуратов 2020 жылдың ақпан айының 17-18 күндері (2 күндік мерзімге) іссапарға жолданған;

- Бөлім басшысының 24.02.2020 жылғы №14 бұйрығымен Түркістан облысының құрылыс басқармасына статист Ж.Азиров 2020 жылдың ақпан айының 24-25 күндері (2 күндік мерзімге) іссапарға жолданған;

- Бөлім басшысының 26.03.2020 жылғы №21 бұйрығымен «Оңтүстік Жарық» ЖШС-не статист Ж.Азиров 2020 жылдың наурыз айының 26-27 күндері (2 күндік мерзімге) іссапарға жолданған;

- Бөлім басшысының 16.04.2020 жылғы №32 бұйрығымен Түркістан қаласына бас-маман заңгер Е.Қосмұратов 2020 жылдың сәуір айының 16-17 күндері (2 күндік мерзімге) іссапарға жолданған;

- Бөлім басшысының 16.04.2020 жылғы №33 бұйрығымен Түркістан қаласына статист Ж.Азиров 2020 жылдың сәуір айының 16-17 күндері (2 күндік мерзімге) іссапарға жолданған;

- Бөлім басшысының 14.05.2020 жылғы №44 бұйрығымен Түркістан қаласына статист Ж.Азиров 2020 жылдың мамыр айының 14-15 күндері (2 күндік мерзімге) іссапарға жолданған;

  1. Бөлім басшысының 23.10.2019 жылғы №71 бұйрығымен статист Н.Музафаровқа «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Бір ай өткеннен соң Бөлім басшысының 22.11.2019 жылғы №79 бұйрығымен статист Н.Музафаровқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Кемшілік: Кодекстің 64-бабының 1-тармағында  жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші мынадай: 1) ескерту; 2) сөгіс; 3) қатаң сөгіс; 4) еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жазалар қолдана алатындығы көрсетілген.

         Кодекстің 64-бабының 2-тармағында Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейтіндігі көрсетілген.

Яғни, бұл жерде қызметкерге тәртіптік жаза қолдану реттілігі сақталмаған.

Сонымен қатар, арадан алты күн өткен соң, Бөлім басшысының 28.11.2019 жылғы №80 бұйрығымен статист Н.Музафаровтың «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы алынып, 23.10.2019 жылғы №71 бұйрықпен қолданылған «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы алынбай қалған.

Дегенмен, Бөлім басшысының 11.12.2019 жылғы №87 бұйрығымен қосымшаға сәйкес, келісім-шарт негізіндегі (10 қызметкерге) үнемделген қаржы есебінен сыйақы төленген. Бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізімде алынбаған тәртіптік жазасы бар Н.Музафаровта енгізіліп, 250 000 теңге көлемінде сыйақы алған.

Төмендегі заң талабы сақталмаған.

 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысының 4 тармағының 1) тармақшасында, қызметкердің алынбаған тәртіптік шарасы болған кезде сыйақы берілмейтіндігі көрсетілген.

  1. Бөлім басшысының 09.12.2019 жылғы №82 бұйрығымен статист Н.Турабековқа кезекті еңбек демалысы берілген.

Кемшілік: статист Н.Турабековтың атқаратын лауазымдық міндеттері еңбек демалысы кезеңінде бөлімнің басқа маманына жүктелмеген.

Дәл осындай мағынада:

  • Бөлім басшысының 09.12.2019 жылғы №84 бұйрығы.

Сонымен қатар, бөлімнің бұйрықтарының ішінде 28.11.2019 жылғы №81 бұйрығы жоқ. Тіркеу журналында осы бұйрықтың реттік нөмірі, күні көрсетілген, ал тақырыбы түзету қаламымен (замазкамен) өшірілген.

Ал, бөлім бұйрықтарының ішінде 09.12.2019 жылғы №85 бұйрығы жоқ. Тіркеу журналында тақырыбы «Н.Оразбаевқа еңбек демалысын беру туралы» 09.12.2019 жылғы реттік №84, №85 деп екі рет тіркелген.

Сондай-ақ, бөлім бұйрықтарының ішінде 11.12.2019 жылғы №86 бұйрығы жоқ. Тіркеу журналында осы бұйрықтың тақырыбы «Мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беру туралы» екендігі көрсетілген.

Бөлімнің жоғарыдағы 28.11.2019 жылғы №81, 09.12.2019 жылғы №85 және 11.12.2019 жылғы №86 бұйрықтарының болмауына немесе (қоса тігілмеуіне) байланысты, аталған бұйрықтарды толықтай тексеру мүмкіндігі болмады.

Бөлімнің 17.02.2020 жылғы №11 бұйрығына (бөлім басшысының қолы қойылмаған), 17.02.2020 жылғы №12, 17.02.2020 жылғы №18, 19.03.2020 жылғы №19 және 18.03.2020 жылғы №20 бұйрықтарының (күні, реттік нөмірлері ауысып кеткен), 16.04.2020 жылғы №32, 16.04.2020 жылғы №33, 17.06.2020 жылғы №60, 17.06.2020 жылғы №61, 25.06.2020 жылғы №63, 26.06.2020 жылғы №64, 22.09.2020 жылғы №78 бұйрықтарына бөлімнің мөрі басылмаған.

«Бөлімнің 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізіп, қайта бекіту туралы» 07.04.2020 жылғы №28, 23.04.2020 жылғы №35, 13.05.2020 жылғы №41, 15.06.2020 жылғы №54, 27.07.2020 жылғы №68, 07.08.2020 жылғы №72, 21.09.2020 жылғы №77    бұйрықтарының қосымшалары қоса тігілмеген.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарының сақталуы бойынша Бөлімде жүргізілген ішкі талдау бойынша:

8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмдерi

         1-ші тармағында  Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады деген талабы  орындалмаған. Мысалы: «Строй Продуктив» ЖШС-нің  04.03.2020 жылғы №ЗТ-Ц-13 кіріспен тіркелген өтініші түсіндірме ретінде жауап беріліп 18.03.2020 жылы жауап берудің орнына 2 күнге  кешіктіріліп жауап берілген. Осындай мағынадағы өтініштер де мерзімінен кешіктірілген олар: 16.06.2020 жылғы №ЗТ-Д-21, 22.06.2020 жылғы №ЗТ-К-22, 27.04.2020 жылғы №ЗТ-Е-17, 29.06.2020 жылғы №ЗТ-С-23, 01.07.2020 жылғы №ЗТ-Д-20 өтініштер.

 2-ші тармағында  Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады деген талабы орындалмаған. 24.07.2020 жылы №ЗТ-К-26 кіріспен тіркелген №49 жалпы орта мектебінің өтінішіне 24.08.2020 жылы №576 шығыс хатпен күнтізбелік 32 күнде жауап берілген.

         Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының  адвокаты А.Никитенконың №83 03.02.2020 жылғы адвокаттық сұранысына (13.02.2020 жылғы кіріс №ЗТ-Н-11) бүгінгі күнге дейін жауап берілмеген. Электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесінде ЗТ-Н-11 шығыспен жауап берілген деп көрсетіп қойған. Дегенмен, электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесінде шығыс құжаттарын тіркеу бағанында  аталған №ЗТ-Н-11 жауап хаты жоқ.

10-бап. Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар

       1-ші тармағында  Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс деп көрсетілген талабы орындалмаған. Атап айтқанда берілген жауаптар өтініш берген тілде жауап берілмеген. Мысалы: «Люкс Строй- Инжиниринг» ЖШС нің өтініші ресми тілде ұсынылған, ал жауап өтініш берілген тілде берілмеген. Осындай мағынадағы кемшіліктер 22.07.2020 жылғы №ЗТ-К-25, 22.06.2020 жылғы №ЗТ-К-22, 13.02.2020 жылғы ЖТ-К-12 өтініштерде орын алған.

12-бап. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

       Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.

      Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

      Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді деген талабы орындалмаған. Мысалы: Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының 30.01.2020 жылғы №ЗТ-Н-7 адвокаттық сұранысына шағым жасау құқығы түсіндірілмеген. Осындай кемшіліктер 30.01.2020 жылғы №ЗТ-С-5, 26.03.2020 жылғы №ЗТ-К-15, 07.04.2020 жылғы №ЗТ-К-16, 28.04.2020 жылғы №ЗТ-Қ-18, 05.06.2020 жылғы №ЗТ-А-19, 16.06.2020 жылғы №ЗТ-Д-21, 22.06.2020 жылғы №ЗТ-К-22, 29.06.2020  жылғы №ЗТ-Р-23, 22.07.2020 жылғы №ЗТ К-25, 16.06.2020 жылғы №ЗТ-Д-20 өтініштерде орын алған.

         Бұдан бөлек заңды тұлғалар бөлім басшысының атына электрондық үкімет порталы арқылы өз өтініштерін ұсынған. Дегенмен өтініштерге берілген жауаптар электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылғанына қарамастан жауаптар мүлдем порталға жолданбаған. Олар: 30.01.2020 жылғы ЗТ-Ц-6, 17.03.2020 жылғы №ЗТ-Р-14, 17.01.2020 жылғы №ЗТ-М-2, 10.01.2020 жылғы №ЗТ-Ж-1, 27.04.2020 жылғы №ЗТ-Е-17, 04.03.2020 жылғы №ЗТ-Ц-13, 30.01.2020 жылғы №ЗТ-Н-7, 30.01.2020 жылғы №ЗТ-С-5, 26.03.2020 жылғы №ЗТ-К-15, 07.04.2020 жылғы №ЗТ-К-16, 05.06.2020 жылғы №ЗТ-А-19, 22.06.2020 жылғы №ЗТ-К-22 өтініштер.

         16-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу

      «Мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекет жүз пайыз қатысатын не мемлекеттік тапсырыс және (немесе) мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынатын заңды тұлғаларда жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іс қағаздарын жүргізудің басқа түрлерінен бөлек, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ішкі регламентке сәйкес жүргізіледі»- деп көрсетілген талабы орындалмаған. Бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптардың кейбірінде жалпы шығыс номермен берілген. Олар: 24.08.2020 ж №576, 27.07.2020 ж №495, 07.08.2020 ж №516, 27.07.2020 ж №496, 27.07.2020 ж №495, 05.05.2020 ж №309, 26.03.2020 ж №210, 31.01.2020 ж №70, 21.01.2020 ж №32, 12.05.2020 ж №325, 0.03.2020 ж №208, 12.02.2020 ж №103,03.02.2020 ж №74, 03.04.2020 ж №226, 10.04.2020 ж №247, 17.06.2020 ж №417, 21.07.2020 ж №483, 13.02.2020 ж №106 өтініштерге берілген жауаптар.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығының,  Өтініштерді қабылдау және есепке алу тәртібі туралы 2-ші тарауының,   7-ші тармағында  Субъектіге тікелей жазбаша жүгінген жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне бірегей нөмір көрсетіле отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы талон беріледі деген талабы орындалмастан, кейбір бөлімге қағаз жүзінде қолма- қол жазылып, ұсынылған заңды тұлғалардың өтініштеріне талон берілмеген. Олар: 02.04.2020 жылғы №ЖТ-Ш-10, 22.08.2020 жылғы №ЗТ-К-26, 02.09.2020 жылғы №ЗТ-Н-27 өтініштер.

Бөлімнің теңгерімінде 108 дана жиhаздар бар екендігі анықталды.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы                1 наурыздағы N413-IV Заңына сәйкес, Бөлімнің теңгеріміндегі 108  жиhаздардың 5-не тозығы жетуіне және амортизациялық құнының төмендеуіне байланысты есептен шығарылмаған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 Бұйрығымен мемлекеттік мекемелерде түгендеу жұмыстары жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кейін жүргізілу қажет екендігі бекітілген. Алайда, Бөлімнің теңгеріміндегі мемлекеттік мүлікке толығымен түгендеу жұмыстары жүргізілмеген.   

Бөлім тарапынан 2017 – 2019 жылдары құрылысы аяқталып жаңадан іске қосылған нысандардың әділет органдарында тіркелуі бойынша мәліметтер қолма-қол жеткізілмеген.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 Заңының                       9-бабының 1 тармағына сәйкес тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.

Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 460-бабына сәйкес заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің белгіленген мерзімін бұзуы – заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Бөлімге мынадай ұсынымдар беріледі:

  1. Қызметшілерді жұмысқа қабылдау және босату кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау;
  2. Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ауданда бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алу;
  3. Жеке және заңды тұлғлалардың өтініштерін қарау кезінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау;
  4. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жандандыру;
  5. Бөлім қызметшілері арасында жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қосымша құқықтық оқуларды ұйымдастыру;
  6. 2020 жылдың екінші жарты жылдығында жоғарыда көрсетілген тозығы жеткен мүліктерді есептен шығаруды қамтамасыз ету;
  7. Бөлім теңгеріміндегі мемлекеттік мүлікке қажетті түгендеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
  8. 2017 – 2019 жылдары құрылысы аяқталып жаңадан іске қосылған нысандардың әділет органдарында тіркелмеген жағдайда айыппұлдарды негізге ала отырып,тіркелуіне ықпал жасауды қамтамасыз ету;
  9. Бөлімнің келісім-шарт негізінде статистигі Н.Музафаровқа төленген сыйақы 250 000 теңге көлемінде қаржыны мемлекет бюджетіне қайтару;
  10. Кемшіліктерге жол берген жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарау;

 

 

Аудан әкімі

аппаратының басшысы,

жұмысшы топ жетекшісі                                                  А.Шамбулов

 

Келісілді:

 

Аудан әкімінің кеңесшісі                                                          Р.Еркимбекулы

 

Аудан әкімі аппараты

жалпы және әкімшілік

бөлімшесінің басшысы                                                                  Н.Канатбаев

 

Аудан әкімі аппараты

заң бөлімшесінің

бас маманы                                                                                    Д.Кулумбетов

 

Аудан әкімі аппараты

персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                    Д.Турсункулов

 

Ауданның мемлекеттік

активтер және сатып алу

бөлімінің бас маманы                                                          Т.Нышанбаев

 

Ауданның құрылыс

бөлімінің басшысы                                                                       А.Ибрагимов

Сарыағаш ауданының құрылыс бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
21 октября 2020