Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

 

 

Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы №6 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалсын.
  2. Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және «Сарыағаш» аудандық  қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

 

 

 

 

Төраға                                                              Т.Балабаев

 

 

Төраға орынбасары                                       Ж.Ажибеков

 

 

 

 

 

Сарыағаш қаласы,

2025 жылғы 29 қаңтар

№ 63

Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
29 января 2025