Сарыағаш ауданының білім бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Сарыағаш қаласы                                                    «__»______2020 жыл

 

         Сарыағаш ауданы әкімінің 27.07.2020 жылғы №47 «Ауданның білім бөлімі қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешімі негізінде құрылған жұмысшы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ауданның білім бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

         Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 2020 жылдың                  27 шілдесіне – 7 бірлікті, келісім шарт негізінде қабылданатын штат бірліктерінің саны – 12 бірлікті, Бөлім жанындағы әдістемелік кабинетінің штат саны – 23 бірлікті, Бөлім жанынан құрылған орталықтандырылған бухгалтерия бөлімшесінің штат саны – 48 бірлікті құрайды. Бөлім басшысының орынбасары  лауазымы штат бірлігі бос тұр.

         Бөлім басшысының 20.07.2020 жылғы №280 ж-қ бұйрығымен Баядилов Лазакат Абдугаппаровна 2020 жылдың 20 шілдесінен бастап өз еркімен Бөлімнің еден жуушысы қызметінен жұмыстан босатылған.

         Аудан әкімінің 29.09.2019 жылғы №132 қаулысымен бекітілген штат бірліктерінің атауында «еден жуушы» штат бірлігі «қызметтік орынжайларды тазалаушы» деп өзгертілгеніне қарамастан, «еден жуушы» деп қате жазылған.

         Бөлім басшысының 10.04.2020 жылғы №193 ж-қ бұйрығымен Батыр Сымбат Бауыржанқызы 2020 жылдың 10 сәуірінен бастап өз еркімен Бөлімнің статисті қызметінен жұмыстан босатылған.

Аудан әкімінің 29.09.2019 жылғы №132 қаулысымен бекітілген штат бірліктерінің атауында «статист» штат бірлігі «статистик» деп өзгертілгеніне қарамастан, «статист» деп қате жазылған.

         Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)                  28-бабының 1-тармағының 7) тармақшасының талабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында түзілген еңбек шартында еңбекке ақы төлеу мөлшері көрсетілуі тиіс. 

         Алайда, ауданның білім бөлімі мен қызметкер О.Жумабек арасында түзілген 05.08.2019 жылғы №20 еңбек шартында еңбекке ақы төлеу мөлшері көрсетілмеген. Дәл осы тектес кемшіліктер 16.01.2020 жылғы №1,                   11.02.2020 жылғы №2, 17.02.2020 жылғы №3, 16.03.2020 жылғы №7 еңбек шарттарында да орын алған.

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығымен мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандары бекітілген.

        

         Алайда, Бөлім басшысының жыл сайынғы еңбек демалысын беру туралы бұйрықтары бекітілген үлгілік нысандарға сәйкес шығарылмаған. Яғни, мемлекеттік қызметшілердің қай уақыттар аралығындағы жұмыс кезеңі үшін жыл сайынғы еңбек демалысы берілгені көрсетілмеген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 54-бабы 1 тармағының талабына сай жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу оның басталуына күнтізбелік үш күн қалғаннан кешіктірілмей, ал еңбек демалысы графиктен тыс берілген жағдайда – берілген күнінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Алайда, Бөлім қызметкерлерінің еңбек демалысына ақы төлеу Заң талаптарына сәйкес жүргізілмеген.

         Атап айтқанда, Бөлім басшысының 06.05.2020 жылғы №211 ж-қ бұйрығымен 2020 жылдың 11 мамарынан бастап Бөлімнің бас маманы А.Турсынбаевқа жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген. Алайда, еңбек демалысына ақы төлеу 14 күнтізбелік күн өткенде жүргізілген. Бөлім басшысының 12.03.2020 жылғы №165 ж-қ бұйрығымен 2020 жылдың                        12 наурызынан бастап Бөлімнің бас маманы Л.Омароваға жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген. Алайда, еңбек демалысына ақы төлеу 45 күнтізбелік күн өткенде жүргізілген.  Дәл осы мағыналас кемшіліктер Бөлімнің басқа да мамандарының еңбек демалысына ақы төлеу барысында орын алған.

          Кодекстің 64-бабының 5-тармағының талабына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады.

         Бөлім басшысының 16.10.2019 жылғы №558-әқ бұйрығымен                      №4 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ж.Сабировқа «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза, 16.10.2019 жылғы №559-әқ бұйрығымен №66 Толыбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі директорының міндетін уақытша қоса атқарушы М.Исабаеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза, 24.02.2020 жылғы №126-жқ бұйрығымен                      Бөлім жанындағы орталықтандырылған бухгалтерия бөлімінің есепшісі Ж.Қалдыбековаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза, 05.03.2020 жылғы             №151-жқ бұйрығымен №38 М.Мақатаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ж.Лесбековке «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза, 13.03.2020 жылғы №166-жқ бұйрығымен №17 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Х.Кабуловаға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

         Алайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіні тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерлерге қолын қойғызып хабарланбаған.

         Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің 25.09.2018 жылғы №407 қаулысымен Сарыағаш ауданында жүзеге асыру жөнінде 2018-2020 жылдары атқарылуға тиіс аудан әкімдігінің іс-шаралар жоспары (әрі қарай – іс-шара жоспары) бекітілген.

         Іс-шара жоспары негізінен профилактикалық жұмыстардан  (конференция, дөңгелек үстел, семинар кеңес, брифингтер, акция, қоғамдық тыңдау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, мақала жариялау) тұрады.

         Іс-шара жоспарының Бөлімге қатысты бөлігін орындау үшін іс-шаралар жоспары бекітілген.

          2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2019 жылға мәліметтер жинақталған. Іс-шаралардың орындалуын дәлелдейтін құжаттар түгел. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша мәліметтер жинақталған.

         Іс-шараға сай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «сенім» телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбаған.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2020 жылға мәліметтер жинақталған. Іс-шаралардың орындалуын дәлелдейтін құжаттары түгел. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына Бөлім басшысының мақаласы жарияланған. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөніндегі мәліметтер жинақталған.

Бөлімнің 2019-2020 жылдардағы жеке құрам бойынша бұйрықтарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңінде:

  1. Бөлім басшысының күні, айы, нөмірі көрсетілмеген бұйрығымен «№14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің» информатика пәнінің мұғалімі Баратов Мақсат 2 күнге 2019 жылдың 1-қараша күні Түркістан қаласында №27 МЛ базасында өтетін «Бағдарламалау негіздері» тақырыбындағы облыстық байқауға (2 күндік мерзімге) іссапарға жолданған.

Кемшілік: Яғни 1 күнге ғана іссапарға баруы тиіс бола тұра 2 күнге іссапарға жолданған. Аталған бұйрыққа бөлім басшысы Б.Майрихов қол қойып мөрмен бекіткен болсада бұйрық тіркелмеген.

Дәл осындай мағынада:

- Шымкент қаласы, Т.Айбергенов көшесіндегі орналасқан «Жебе» баспасына бөлімнің әдіскері Г.Тагаеваны (4 күндік мерзімге) 1 күндік негіздемеге сәйкес іссапарға жолданған;

- Түркістан қаласында 2019 жылдың 31 қазан сағат 10.00-де және 16.00-де өтетін сот отырыстарына бөлімнің әдіскері О.Құлқараев 31 қазаны мен                                 1 қарашасы аралығында (2 күндік мерзімге) 1 күндік негіздемеге сәйкес іссапарға жолданған.

- Түркістан қаласында 2019 жылдың 05 қараша сағат 16.00-де өтетін сот отырысына бөлімнің әдіскері С.Молдаходжаев 04-05 қарашасы аралығында                 (2 күндік мерзімге) негіздеме болмаса да іссапарға жолданған.

  1. Бөлім басшысының 20.11.2019 жылғы №653 бұйрығымен Түркістан қаласында 2019 жылдың 21 қараша сағат 16.30-де өтетін сот отырысына бөлімнің әдіскері С.Молдаходжаев 20-21 қараша аралығында (2 күндік мерзімге) 1 күндік негіздемеге сәйкес іссапарға жолданған.

Дәл осындай мағынада:

- Бөлім басшысының 03.12.2019 жылғы №682 бұйрығымен Түркістан қаласына 2016-2020 жылдарға арналған даму басқармасының базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту және қорғау мақсатында 2019 жылдың желтоқсан айының 3-5 күндері (3 күндік мерзімге) ешқандай негіздемеге болмасада іссапарға жолданған.

 - Бөлім басшысының 19.08.2020 жылғы №307 бұйрығымен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына бөлімнің бас маманы А.Тұрсынбаев пен әдіскер Б.Ахунов 2019 жылдың 20-21 тамыз күндері                         (2 күндік мерзімге) ешқандай негіздеме болмасада іссапарға жолданған.

- Бөлім басшысының 24.08.2020 жылғы №312 бұйрығымен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына бөлімнің әдіскері Б.Ахунов 2019 жылдың 26-27 тамыз күндері (2 күндік мерзімге) ешқандай негіздеме болмасада іссапарға жолданған.

- Бөлім басшысының 19.08.2020 жылғы №306 бұйрығымен Түркістан қаласында 2020 жылдың 19 наурыз сағат 16.00-де және 20 тамыз сағат 15.00-де өтетін сот отырыстарына, бөлімнің әдіскерлері А.Құлқараев, П.Утегенова және №2 А.Сулейменов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жаназарова 2020 жылдың 19-21 тамыз күндері (3 күндік мерзімге) 2020 жылдың 19 наурыз сағат 16.00-де өтетін сот отырысына шақыру хатын басшылыққа ала отырып, 1 күндік негіздемеге сәйкес іссапарға жолданған.

  1. Бөлім басшысының 19.08.2020 жылғы №308 бұйрығымен №8 Айни атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің директоры Г.Хасанова 2020 жылғы кезекті еңбек демалысының қалған бөлігі 24-28 тамыз күндері аралығында берілген.

Заң талабы сақталмаған.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 92 бабының 3-тармағында, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі күнтізбелік он төрт күннен кем болмауға тиіс.

Бөлімнің 2019-2020 жылдардағы әкімшілік құрам бойынша бұйрықтарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңінде:

  1. Бөлім басшысының 01.10.2019 жылғы №515 бұйрығымен бөлімнің келісім-шарт негізіндегі операторы Е.Казыбековке 2019 жылдың қазан айының 01-10 күндері (9 күн мерзім) аралығында ақысыз демалыс берілген.

Заң талабы сақталмаған.

 

Кодексінің 97 бабының 3 тармағы 4) тармақшасында, еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыскердің хабарламасы негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

Кодекстің 97 бабының 2 тармағында, жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.

Яғни, тараптардың мұндай келісімдері ұжымдық шартта көрсетіледі. Бөлімнің Түркістан облысының Еңбек жөніндегі басқармасымен 21.02.2020 жылғы №150 бекітілген 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімінің 5.16. тармағында қызметкерге жалақысы сақталмайтын демалыс бес күнге дейін берілетіндігі көрсетілген.

Дәл осындай мағынада:

- Бөлім басшысының 20.11.2019 жылғы №652 бұйрығымен Г.Турымоваға  2019 жылдың 25 қарашадан 02 желтоқсан күндері (7 күн мерзім) жалақысы сақталмайтын демалыс берілген.

- Бөлім басшысының 20.11.2019 жылғы №660 бұйрығымен Ч.Тасболтаевқа  2019 жылдың 25 қарашадан 06 желтоқсан күндері (11 күн мерзім) жалақысы сақталмайтын демалыс берілген.

Сонымен қатар, бөлім басшысының 2019 жылдың тамыз айынан бастап                     2020 жылдың қыркүйек айына дейінгі мерзімдегі шығарылған актілері бөлімнің қызметкерлеріне таныстырылмаған.

Заң талабы сақталмаған.

Кодекстің 23 бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, жұмыскерді жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен таныстыруға міндеттілігі көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарының сақталуы бойынша Бөлімде жүргізілген ішкі талдау бойынша:

7-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, тiркеу және есепке алу

6-шы тармағында өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады деген талабы толық орындалмаған. Олар: Сарыағаш қаласының тұрғыны Ж.Атамуратованың мемлекеттен берілетін жәрдемақы туралы 14.04.2020 жылғы  өтінішінің бір бөлігі қараусыз қалып, тиісті мекемелерге толық жолданбаған.

         А.Бакированың 18.08.2020 жылғы ЖТ-Б-66П санды арызына берілген жауапта арыздағы мәселе бөлімнің құзіретіне жатпайды деп 25.08.2020 жылы жауап берілген. Аталған арыз тиісті құзырлы мекемеге жолданбаған.

Р.Смайлованың 05.12.2019 жылғы №ЖТ-С-124 арызында №17 Ы.Алтынсарин мектебінің мейірбикесін жұмыстан шеттету туралы арызда көрсетілген бөлігі аудандық орталық ауруханаға жолданбаған.

8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмдерi

         1-ші тармағында  қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады деген талабы  орындалмаған. Олар: 04.05.2020 жылғы №ЗТ-Ж-47 санды арыз 1 күнге кешіктірілген және осындай арыздар да мерзімінен кешіктірілген 10.10.2019 жылғы №ЗТ-Ж-99 санды арызға 17 күнде жауап берілген, 26.11.2019 жылғы №ЖТ-У-113 санды арыз, 25.11.2019 жылғы №ЗТ-Н-112 санды арыз.

9-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау

       1-ші тармағында субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде:

       1) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етедi деген талабы орындалмаған. Ол: Б.Толаеваның 10.01.2020 жылғы                №ЖТ-Т-4 арызы бойынша берілген жауапта арыз иесінің арызда сұраған мәселесі яғни, жұмыстан шығарып, тиісті шара қолдану мәселесі толық қамтылмай арыз дұрыс қаралмаған.

М.Жулдасбекованың 01.10.2019 жылғы №ЖТ-Ж-95 арызында көрсетілген мәселелері толық қамтылмай қаралған.

10-бап. Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар

         1-ші тармағында өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс деп көрсетілген талабы орындалмаған. Атап айтқанда берілген жауаптардың мәтіндерінде ҚР Заңнамаларына сілтеме жасалмаған. Олар: 07.07.2020 жылғы ЗТ-К-55П И.Абдужаббаровтың арызы, Т.Алдановтың 23.04.2020 жылғы №ҰҚ-43 арызы, «Экспертиза РRO» ЖШС 13.04.2020 жылғы ЗТ-Р-38 арызы, П.Жұмабековтың 04.02.2020 жылғы №ЖТ-Ж-18 арызы, Н.Турсунбаеваның 14.01.2020 жылғы №ЖТ-Т-9 арызы, Ш.Турсунбаевтың 14.01.2020 жылғы №ЖТ-Т-8 арызы, А.Мырзораймовтың 03.08.2020 жылғы №ЖТ-М-63 арызы, А.Кабыловтың 03.08.2020 жылғы №ЗТ-К-62П арызы, О.Левинаның 18.08.2020 жылғы №ЖТ-А-65 арызы, А.Жабаевтың 05.01.2020 жылғы №ЖТ-Ж-1 арызы, Г.Жунусованың 30.12.2019 жылғы №ЖТ-Ж-127 арызы, М.Аманбаева және т.б 06.12.2019 жылғы №ҰҚ-117 арызы, У.Кузенбаевтың 26.11.2019 жылғы №ЖТ-К-114 арызы, А.Кузенбаеваның 26.11.2019 жылғы №ЖТ-К-115 арызы, Ж.Сапаровтың 31.10.2019 жылғы №ЖТ-С-103 арызы, П.Сайлау және т.б 25.10.2019 жылғы №ҰҚ-102 арызы, М.Жулдасбекованың 01.10.2019 ж №ЖТ-Ж-95 арызы,  К.Якубованың 02.09.2019 жылғы №ЖТ-Я-64 арызы.

         Сондай-ақ, ИП «Каз Гос символ» К.Какибаланованың  24.04.2020 жылғы арызында білім бөліміне бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуға жауаптылардың мәліметін сұраған өтінішіне білім бөлімінің жауапты тұлғаларының мәліметін негізсіз ұсынған.

         У.Сейткасымованың 06.12.2019 жылғы №ЖТ-С-118 арызында атап көрсетілген 6 мәселелеріне мүлдем жауап берілмей, жалпы түрде жауап берілген.

         18.09.2019 жылғы №ЗТ-А-87 және 04.05.2020 жылғы №ЗТ-К-46, 11.06.2020 жылғы №ЗТ-К-51, 23.06.2020 жылғы №ЗТ-И-52П, 30.07.2020 жылғы №ЗТ-И-59П, 30.07.2020 жылғы №ЗТ-И-60П, 04.08.2020 жылғы №ЗТ-И-61П өтініштер ресми тілде ұсынылған, ал жауап өтініш берілген тілде берілмеген.

 12-бап. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

       Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.

      Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

      Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді деген талабы орындалмаған. Олар: 16.07.2020 жылғы ЗТ-Қ-57П Стратегиялық зерттеулер және жастар саясаты институтының басқарма төрағасы Б.Қалшабектің арызда орын алған және осындай кемшіліктер Б.Бейсенбаевтың 16.04.2020 жылғы №ЖТ-Б-37\1, 16.04.2020 жылғы №ЖТ-Б-36\1, 13.04.2020 жылғы №ЖТ-Б-37, 13.04.2020 жылғы №ЖТ-Б-36 арыздарында, Е.Теннің 27.03.2020 жылғы №ЖТ-Т-33, 27.03.2020 жылғы №ЖТ-Т-32 арыздарында, Р.Смайлованың 10.01.2020 жылғы №ЖТ-С-3 арызында.

Кодекстің 159-бабының 4 тармағында жеке еңбек дауын қарау бойынша келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс деген талабы орындалмаған. Б.Ақылбекованың 10.02.2020  жылғы арызы комиссияның еңбек дауларын қарау бойынша журналға тіркелмей, Бөлімнің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша журналына 10.02.2020 жылғы №ЖТ-А-21 кіріспен тіркеліп есепке алынған. 

Кодекстің 2-ші тармағына сәйкес, келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Комиссия төрағасы бөлімнің бас маманы Ж.Утегенов  болса да, 10.02.2020  жылғы ЖТ-А-21 кіріспен тіркелген бөлім басшысының үстінен жазылған арызға бұрыштаманы тиісті қызметкерлерге жауап беру үшін бөлім басшысы қолын қойған. Арыз иесіне жауап 19.02.2020 жылы бөлім басшысының қолымен жауап беріліп, кемшіліктерге жол берілген.

Ауданның білім бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің -28 түрін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5 бабы 2 тармағы 2 тармақшасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсететін қызмет қағидалары мен тиісті ақпараттар ғимараттың көрінетін жерінде қолжетімді нысанда орналастырылмаған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының 2-қосымшасының 8 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат жеке басын сәйкестендіру үшін талап етілетіндігі көрсетілген.

Ал құжаттарды ішінара қарау барысында өтініш тапсырған М.Ишматованың (18.02.2020ж.), И.Джуматасовтың (29.05.2020ж.), С.Нусеровтың (07.02.2020ж.) және А.Созақбайдың (21.10.2019ж.) құжаттарында жеке басын куәландыратын құжаттың қоса тігілгені анықталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының 2-қосымшасының 8 тармағына сәйкес ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат жеке басын сәйкестендіру үшін қажеттігі көрсетілген.

Ал құжаттарды ішінара қарау барысында өтініш тапсырған Р.Куралованың (06.01.2020ж.), В.Джаванидың (06.01.2020ж.), А.Ахунованың (06.01.2020ж.) және Б.Даутбаеваның (06.01.2020ж.) құжаттарында жеке басын куәландыратын құжаттың қоса тігілгені анықталды.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептерде жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтамада тіркеу күні, айы және жылы көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен бекітілген «Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының 2-қосымшасының 8 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат жеке басын сәйкестендіру үшін талап етілетіндігі көрсетілген.

Ал құжаттарды ішінара қарау барысында өтініш тапсырған У.Ештаеваның (13.08.2020ж.), М.Ауелбекованың (27.05.2020ж.), Д.Касимованың (10.06.2020ж.) және Г.Турсункулованың (17.07.2020ж.) құжаттарында жеке басын куәландыратын құжаттың қоса тігілгені анықталды.    

Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Бөлімге мынадай ұсынымдар беріледі:

  1. Қызметшілерді жұмысқа қабылдау және босату кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау;
  2. Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ауданда бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алу;
  3. Жеке және заңды тұлғлалардың өтініштерін қарау кезінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау;
  4. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жандандыру;
  5. Бөлім қызметшілері арасында жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қосымша құқықтық оқуларды ұйымдастыру;
  6. Жұмыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерді қатаң басшылыққа алу;
  7. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларына сәйкес тоқсан сайын берілетін есепті, мәліметтерді сапалы ұсынылуын қамтамасыз ету;
  8. Кемшіліктерге жол берген жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарау;

 

 

Аудан әкімі

аппаратының басшысы,

жұмысшы топ жетекшісі                                                  А.Шамбулов

 

Келісілді:

 

Аудан әкімі аппараты

жалпы және әкімшілік

бөлімшесінің басшысы                                                                  Н.Канатбаев

 

Аудан әкімі аппараты

ақпараттандыру және мемлекеттік

қызмет көрсету мониторингі

бөлімшесінің бас инспекторы                                              К.Дюсембаев

 

Аудан әкімі аппараты

заң бөлімшесінің

бас маманы                                                                                    Д.Кулумбетов

 

Аудан әкімі аппараты

персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                    Д.Турсункулов

 

Ауданның мемлекеттік

активтер және сатып алу

бөлімінің бас маманы                                                          Т.Нышанбаев

 

Ауданның білім

бөлімінің басшысы                                                                       Б.Майрихов

Дата публикации
09 января 2020