«С дипломом в село» государственная программа

  Бағдарламаның басты мақсаты — ауылды аймақтарды қажетті сала бойынша мамандармен қамтамасыз етіп, мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақы мен баспана алуға және салуға жеңілдетілген несие 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01% сыйақысы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі беріледі.

         Бұған дейін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында берілетін кредиттердің ең жоғары сомасы 1500 АЕК (5,5 миллион теңге) болса, 2024 жылдан бастап оның мөлшері 2000 АЕК-ке (7 миллион 384 мың теңге) дейін өсті, Көтерме жәрдемақы 100 АЕК (369 200 теңге) болды.

         2023 жылы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен 39 маманға көтерме жәрдемақы тағайындалып, 13 455,0 мың теңге төленді.  (345 000 т.) (оның ішінде  білім саласына 34 маманға 11 730,0 мың теңге, денсаулық саласына 1 маманға 345,0 мың теңге, спорт саласына 4 маманға 1 380,0 мың теңге,).

         Республикалық бюджет есебінен 33 маманға бюджеттік кредит тағайындалып,  170 775, 0 мың теңге төленді. (5 175 000 т.)  (оның ішінде білім саласына 31 маманға 160 425,0 мың теңге, денсаулық саласына 1 маманға 5 175,0 мың теңге, спорт саласына 1 маманға 5 175,0 мың теңге ).

         Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 25 маманға 9 230 000 теңге көтерме жәрдемақы жоспарланып, 24 маман 8 860 800 теңге төленді. (білім саласына 17 маманға, денсаулық саласына 3 маманға, мәдениет саласына 2 маманға,  спорт саласына 2 маманға).

         Ал тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджет есебінен бюджеттік кредитке 25 маманға – 184 600 000 теңге жоспарланды. Мамандардан құжаттар қабылданып кезекке қойылды.

 

                                                 Сарыағаш ауданның экономика және қаржы бөлімі

 

 

Дата публикации
28 августа 2024