2024 жылғы 16 маусымдағы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 17344 азамат енгізілген. Дауыс беруге 4390 сайлаушы қатысты, оның ішінде сырттай дауыс беру бюллетенін пайдаланғандар саны - 0, үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны - 102.
Жалпы үміткерлердің саны - 3.
Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімі сайлауында келесі қорытындылар анықталды:
Канаев Канатбек Сапарбекович 2065 дауыс берілді,
Төлеміс Сүйіндік Әбдіманапұлы 38 дауыс берілді,
Турсункулов Мейржан Суиндикович 2117 дауыс берілді,
«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны - 75.
Сайлау қорытындысы бойынша Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімі болып 1990 жылы туылған, «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» ММ, Бас инспекторы, Сарыағаш ауданы Көктерек ауылдық округі Дархан ауылының тұрғыны Турсункулов Мейржан Суиндикович сайланды.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы