ҚАУЫМДЫҚ СЕРВИТУТ БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Дарбаза ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

 

  1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы - Жобаларды басқару дирекциясына Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі, Дарбаза ауылы, Жабай ата көшесі бойынан талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысы үшін жалпы көлемі 0,0042 га жер учаскесін, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

 

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары С.Туғанбайға жүктелсін.

 

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
07 сентября 2023